Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
10 шілденің 2025
Бақыт Сұлтанов жасанды интеллект және авторлық құқық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді
Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Женевадағы штаб-пәтерінде ДЗМҰ-ға мүше мемлекеттер ассамблеясының бірқатар отырысына қатысты. Жасанды интеллекті дамытуға және авторлық құқықты, тауар белгілерін, географиялық көрсеткіштерді және зияткерлік меншіктің басқа да объектілерін қорғау саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіруге қатысты мәселелер қаралды. Ассамблея алаңында ЕЭК министрінің ДЗМҰ Өтпелі және дамыған экономикасы бар елдер департаментінің директоры Хабиб Асанмен кездесуі болып өтті. Тараптар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде Комиссия мен ДЗМҰ өзара іс-қимылының нәтижелерін талқылады. Соның ішінде ДЗМҰ өкілдерінің алдағы 2025 жылғы қазандағы "Антиконтрафакт" халықаралық форумына, сондай-ақ Комиссия өкілдерінің ДЗМҰ тұрақты комитеттері мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу мүмкіндігі расталды. "ЕАЭО елдерінде зияткерлік меншіктің тиімді жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмыста Комиссия бүкіл әлем бойынша зияткерлік меншік құқықтарын сақтауға жәрдемдесетін халықаралық ұйым ретінде ДЗМҰ-ның ауқымды тәжірибесіне сүйенеді", — деп атап өтті Бақыт Сұлтанов. Бұдан басқа, ЕЭК министрінің Беларусь Республикасы Ұлттық зияткерлік меншік орталығының бас директоры Алексей Курманмен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреевамен кездесуі болып өтті. Тараптар зияткерлік меншік саласында жүйелі өзара іс-қимыл құру, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің алдында тұрған міндеттерге сәйкес, соның ішінде "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясын іске асыру шеңберінде интеграциялық әлеуетті ілгерілету мәселелерін талқылады. ДЗМҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің мамандандырылған мекемесі, 194 мемлекет оның мүшесі болып табылады. ДЗМҰ қызметі зияткерлік меншіктің теңдестірілген және тиімді халықаралық жүйесін дамытуға арналған. Зияткерлік меншік саласындағы ағымдағы жаһандық жағдайды қарау мақсатында жыл сайын Ассамблея отырыстары өткізіліп тұрады. 2019 жылы ЕЭК пен ДЗМҰ арасында Өзара түсіністік туралы меморандум жасасылды.
10 шілденің 2025
ЕАЭО мен Индонезия еркін сауда туралы келіссөздерді аяқтады
Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен Индонезия Республикасының экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіруші министрі Айрлангга Хартарто еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің аяқталғаны жайында хабарлады. Тараптардың диалогы БКБ режимінде өтті. "Еуразиялық экономикалық одақ қарымды достас елдермен экономикалық әріптестік желісін дамытуды жалғастыруда. Ал Индонезияның БРИКС мүшесі әрі Оңтүстік Шығыс Азияның халқы 300 млн адамға жақындайтын ірі экономикасының бірі болып табылатыны белгілі", – деп атап өтті Андрей Слепнев. ЕЭК министрі әріптестің тарапынан Еуразиялық "бестік"мемлекеттерімен ынтымақтастыққа деген дәстүрлі қызығушылық бар екенін еске салды. Атап айтқанда, 2023 жылы II Еуразиялық экономикалық форум аясында Мәскеуде "ЕАЭО-Индонезия" ауқымды бизнес-диалогы болып өтті. "Баждардың төмендеуі абсолютті түрде ЕАЭО-ның Индонезиямен саудасының шамамен 3 миллиард долларына әсер етеді. Келісім күшіне енгеннен кейін таяудағы 3-5 жыл ішінде біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы екі есе артады деп санаймыз. Индонезияға ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп топтарының тауарлары бойынша жеткізілімдердің айтарлықтай өсуін күтеміз", — деп атап көрсетті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі. Андрей Слепневтің сөзінше, ЕАЭО Индонезия нарығында, мысалы, полимерлер, тыңайтқыштар, энергия тасымалдаушылар, карьерлік самосвалдар, құбырлар, металдар және түсті металдардан жасалған өнімдер сияқты позицияларға, электр және механикалық жабдықтардың кең номенклатурасына преференциялы қол жеткізе алады. Сөз бидай, ұн, құрғақ сүт, кондитерлік өнімдер, ірі қара малдың халал еті, құс жеткізу жайында да болып отыр. Келісім оған қол қойылғанға дейін мемлекетішілік келісудің тиісті рәсімдерінен өтуге тиіс.
09 шілденің 2025
Гоар Барсегян: "ЕЭК өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуді дәйекті түрде жақтайды"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян Екатеринбургте "Иннопром" халықаралық өнеркәсіптік көрмесін аралап, оның жұмысына, соның ішінде "Технологиялық көшбасшылық: индустриялық серпіліс" бас стратегиялық сессиясына қатысты. Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановтың және ірі өнеркәсіп компаниялары басшыларының қатысуымен өткен іскерлік таңғы аста Гоар Барсегян: "Еуразиялық экономикалық одақ елдері бизнесінің үйлесімді жұмысы түйінді рөл атқарады. Тұтынушыға бағдарлану және нарықтағы өзгерістерге жедел ден қою қабілеті бизнес-қоғамдастыққа ЕАЭО шеңберінде ауқымды міндеттерді шешуге көмектеседі. Комиссия кәсіпкерлердің өз әлеуетін жақсырақ аша алатын жағдай жасау жолында дәйекті түрде жұмыс істеуде", — деп атап өтті. Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің Өнеркәсіп министрлерінің кеңесінде Еуразиялық кеңістіктегі бірлескен жұмыстың келешегі талқыланды. "Комиссия өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуді, технологиялар алмасуды және тиімді интеграциялық байланыстарды қалыптастыруды дәйекті түрде жақтайды. Біз салалық бастамаларды ілгерілетуге, бірлескен жобаларды іске асыруға және ШЫҰ елдерімен технологиялық тәжірибе ауысуға мүдделіміз", — деп атап көрсетті Гоар Барсегян. Ол сондай-ақ Беларусь Өнеркәсіп министрі Андрей Кузнецовпен ЕАЭО-да қаржылық қолдау механизмін және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді. Сонымен қатар, "Иннопром" іс-шаралары шеңберінде Гоар Барсегян жарықтандыру тіректері мен шырағдандар шығаратын "Энерго-Арсенал" зауытына барды. Кәсіпорын Одақта 2024 жылы іске қосылған кооперациялық жобаларды қолдаудың ұлтүсті бағдарламасының әлеуетті қатысушысының бірі болып табылады. "Иннопром" 2025 жылғы 29 қыркүйек — 1 қазан аралығында өз жұмысын Минскіде жалғастырады. Сол жерде ЕАЭО Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің отырысы өтеді.
09 шілденің 2025
Максим Ермолович БҰҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі конференциясында ЕЭК қызметін таныстырды
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович басқарған Еуразиялық комиссияның делегациясы Женевада БҰҰ-ның Көпжақты негізде келісілген әділ қағидаттар мен шектеулі іскерлік практиканы бақылау қағидаларын қарау жөніндегі 9-шы конференциясының жұмысына қатысты. Максим Ермолович Комиссияның қызметімен әрі оның "Бәсекелестік және өңірлік экономикалық ұйымдар" сессиясында бәсекелестік мәселелері бойынша өңірлік интеграциялық бірлестіктердің диалогы туралы бастамасымен таныстырды. "Өңірлік ұйымдардың кездесулері шеңберінде біз бәсекелестікті өңірлік деңгейде реттеудің өзекті мәселелерін талқылаймыз. Бұрын өткізілген бес кездесудің нәтижелері осындай диалогтың сұранысты екенін және оны кеңейту қажеттігін көрсетіп отыр. Қорытындысы бойынша біз бәсекелестікті реттеуге шолуды өңірлік деңгейде жүргізуге келістік", — деп атап өтті Максим Ермолович. ЕЭК министрі Конференцияда диалогқа қатысушылардың атынан осы саладағы өзара іс-қимылды жалғастырудың маңыздылығы, Комиссияның өңірлік ұйымдардың кездесулерін тұрақты өткізуінің қажеттігі, осы тақырыпты халықаралық алаңдарда бірлесіп ілгерілету туралы мәлімдеді. Ол сондай-ақ өңірлік деңгейде бәсекелестікті реттеуге жүргізілген шолудың алдын ала белгілі нәтижелерін ұсынды. Конференция шеңберінде Комиссия делегациясы ЮНКТАД Халықаралық сауда және шикізат тауарлары бөлімшесінің басшысы Лус Мария де ла Морамен кездесу өткізді, оның барысында бұдан арғы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. БҰҰ Конференциясы бәсекелестік мәселелері бойынша жоғары деңгейлі іс-шара болып табылады, ол бес жылда бір рет өткізіледі. Мұнда БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің бейінді органдарының басшылары, жоғары лауазымды тұлғалары, соның ішінде, осы саладағы құқық қолдануды күшейтуді талқылайды.
08 шілденің 2025
2025 жылғы 8 шілдедегі ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары
8 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы болып өтті. Еуразиялық интеграцияның, соның ішінде сауда, кедендік ынтымақтастық, техникалық реттеу, қаржы саясаты, энергетика және инфрақұрылым, цифрландыру, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу саласындағы 30-дан астам мәселе қаралды. Атап айтқанда, ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін бекіренің және албырт балықтардың уылдырығын, велосипед жақтауларын, жағармайдың жекелеген түрлерін, майлау материалдары мен арнайы автомобиль сұйықтықтарын, микробқа қарсы әсері бар косметикалық өнімдерді, дезинфекциялау құралдарын қоса, тауарлардың бірқатар жаңа санатына қатысты цифрлық таңбалаудың ортақ қағидаларын белгіледі. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалап отыру үшін осындай пломбалар қолданылатын тауарлардың қосымша санаттарын айқындау туралы да шешім қабылдады. Бұл шешімді іске асыру құрамында никотин бар заңсыз өнімнің ЕАЭО-да таралуын болдырмауға көмектеседі. ЕЭК Кеңесі Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізді. Қабылданған түзетулер ЕАЭО құқығымен белгіленген медициналық бұйымдарды тіркеу және сараптау рәсімін оңтайландыруға бағытталған. Бұдан басқа, ЕАЭО-ның "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің күшіне ену мерзімі 2028 жылғы 1 қыркүйекке ауыстырылды. Бұл Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу жоспарына сәйкес әзірленіп жатқан түзетулер шеңберінде құжаттың бірқатар талабын өзектілендіруге және техникалық регламентті іске асыру үшін қажетті екінші деңгейдегі актілерді – стандарттар тізбесін және энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігінің заттаңбаларын әзірлеуді және қабылдауды аяқтауға мүмкіндік береді.
08 шілденің 2025
ЕАЭО-дағы таңбалаудыңбіріздендірілген қағидалары қызыл және қара уылдырыққа, велосипедтерге, жағармайларға, антисептиктерге қолданылады
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ресей Федерациясының ұсыныстарын қарап, тауарлардың бірқатар жаңа санатына қатысты цифрлық таңбалаудың жалпы қағидаларын белгілеу туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, сөзбекіренің және албырт балықтардың уылдырығы, велосипедтер мен велосипед жақтаулары, жағармайдың жекелеген түрлері, майлау материалдары және арнайы автомобиль сұйықтықтары, микробқа қарсы әсері бар косметикалық өнімдер, сондай-ақ дезинфекциялау құралдары туралы болып отыр. "Таңбаланатын тауарлар санын кеңейтутұтынушылардың өнімнің түпнұсқалығына көз жеткізуіне, сондай-ақзаңсыз айналымды азайту есебінен нарықтың адал қатысушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін Одақтың жалпы таңбалау жүйесін дамытудыайғақтайды", — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Ол тауарлардың жаңа топтарын таңбалау бұрынғыдай біріздендірілген қағидалар бойынша жүргізілетінін атап көрсетті. Бұл ретте Комиссия Кеңесінің 2019 жылғышешімімен бекітілген ЕАЭО-да тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің базалық технологиялық ұйымдық моделінің ережелері ескеріледі. Сөйтіп, таңбалау кодтарын өзара тану қамтамасыз етіледі, бұл тауарлардың Одақ аумағындағы айналысы кезінде оларды қайта таңбалау қажеттігін болдырмайды.
08 шілденің 2025
ЕЭК Кеңесінің шешімі құрамында никотин бар заңсыз өнімнің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялықпломбаларды қолдану туралы 2022 жылғы келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалап отыруүшін осындай пломбалар қолданылатын тауарлардың қосымша санаттарын айқындау туралы шешім қабылдады. Аталған Келісім күшіне енді. ЕАЭО елдері тасымалдарды қадағалап отырудыіске қосу үшін қажетті іс-шараларды аяқтайды, Комиссия содан кейін тиісті шешім қабылдайды. Ұсынылып отырған бұл реттеу құрамында никотин бар өнімдерге, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2404, 2939 79 000 0, 2939 80 000 0 тауар позицияларында сыныпталатын, Одақ аумағынанэкспорттың кедендік рәсіміне сәйкес автомобиль көлігіменәкетілетін никотин шикізатына қатысты болады. Бұл тауарларды қадағалап отыруКелісімге сәйкес тасымалдауды қадағалап отырудың бірінші кезеңінен басталады. ЕЭК Кеңесінің шешімі кәсіпкерлердің Комиссияның сарапшы тобының жұмысына тікелей қатысуы кезіндегіұсыныстары негізінде дайындалды. Оны іске асыру ЕАЭО-да құрамында никотин бар заңсыз өнімнің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.
08 шілденің 2025
Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидаларыөзгертілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 8 маусымдағы отырысында Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидаларыныңөзгерістерін бекітті. Атап айтқанда, Медициналық бұйымдардың жаһандық номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың медициналық бұйымдар номенклатурасына медициналық бұйымдардың жаңа түрін қосуқажет болған кездегі тіркеу рәсімдері нақтыланды. Ықтимал тәуекелдің төмен кластарының медициналық бұйымдарын тіркеу үшін және in vitro диагностикасы үшінқұжаттар тізбесі түзетілді. Қабылданған түзетулер ЕАЭО құқығымен белгіленген медициналық бұйымдарды тіркеу және сараптау рәсімін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы