Жаңалықтар

24.11.2023

ЕАЭО мен үшінші елдердің кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі құрылуда

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың және үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді мақұлдады.


Құжат Одақтың және үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі қызметінің негізгі қағидаттарын айқындайды.

КТБЖ туралы келісім нормалары қабылданғаннан кейін оны практика жүзінде іске асыру бақылау қызметтерінің іс-әрекеттерін азайту арқылы да, бизнестің үстеме шығыстарын қысқарту арқылы да тасымалдау рәсімін жеңілдетуге және оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Бұған электрондық құжат түріндегі бірыңғай транзиттік декларацияны қолдану; кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бірыңғай қамтамасыз етуді пайдалану; Одақ елдерінің және үшінші тараптардың уәкілетті экономикалық операторларына берілетін жекелеген арнайы оңайлатуларды қолдану арқылы қол жеткізілетін болады. Бұдан басқа, осы мақсаттар Одақтың кедендік аумағы және үшінші тараптардың кедендік аумақтары бойынша кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың барлық қозғалу жолында тауарлардың тасымалдануын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдануға, сондай-ақ кеден органдары қабылдаған шешімдерді және кедендік бақылауды жүргізу нәтижелерін өзара тануға қол жеткізуге көмектеседі.

ЕАЭО мен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімнің жобасын Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру аясында Одақ мемлекеттері министрліктері мен ведомстволарының және Комиссияның сарапшылары бірлесіп дайындады.

Келісім оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін ЕАЭО мемлекеттеріне жіберілді.