Армения Республикасының аккредиттеу органының өзара салыстырмалы бағалау тобы осы жылдың соңында жұмысын бастайды. Бұл мәселе Еуразиялық экономикалық форум шеңберінде 30 қыркүйекте Ереванда Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкийдің қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аккредиттеу жөніндегі органдары басшылары кеңесінің отырысында талқыланды.
Сондай-ақ Кеңес мүшелері Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрлігінің жанындағы Қырғыз аккредиттеу орталығының өзара салыстырмалы бағалау жүргізу нәтижелері бойынша ұсынымдардың орындалуын келісті.
Аккредиттеу жөніндегі органдарға өзара салыстырмалы бағалау жүргізу ЕАЭО туралы шартта көзделген. Комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 126 шешімімен мүше мемлекеттерді аккредиттеу жөніндегі органдардың өзара салыстырмалы бағалауларды жүзеге асыру тәртібі бекітілді, ол аккредиттеу жөніндегі органдардың осындай бағалауларды жүзеге асыру қағидаларын айқындады, оларды жүргізу нәтижелері қолданылатын рәсімдердің баламалылығына қол жеткізу мақсатында мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіруге арналған одан арғы қадамдарды айқындауға мүмкіндік береді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен құрылған Аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдар басшыларының кеңесі аккредиттеу жөніндегі органдарды өзара салыстырмалы бағалау механизмдерін іске асырады, аккредиттеу саласындағы проблемаларды шешудің жоспарлары мен жолдарын айқындайды.
«Одақ нарығында өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және өзара саудадағы кедергілерді жоюдың аса маңызды механизмдерінің бірі сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың құзыреттілігін растауға және кепілдік беруге арналған аккредиттеу жөніндегі органдардың тиімді қызметі болып табылады. Өзара салыстырмалы бағалау аккредиттеу рәсімдерін жақындастырудың және сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар қызметінің нәтижелеріне сенімділікті қамтамасыз етудің тиімді механизмі болып табылады», – деп атап өтті Валентин Татарицкий.
Бұдан басқа, отырысқа қатысушылар Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 161 шешімінде көзделген, ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын қолдану және орындау үшін стандарттар тізбесін әзірлеу тәртібін реттейтін өнімді зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің әдістемелерін валидациялаудың жалпы тәсілдемелері туралы Комиссия Алқасының ұсынымының жобасын әзірлеу перспективаларын қарады.
2024 жылы Басшылар кеңесіне төрағалық етуді Армения Республикасы Экономика министрлігінің «Аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган» мемлекеттік коммерциялық емес ұйымы атынан Армения Республикасы жүзеге асырады.