Жаңалықтар

05.08.2022 (Обновлено: 19.08.2022 14:15)

Еуразиялық «бестік» елдері Одақтың ортақ газ нарығын құру жөніндегі позиицияларын жақындастырады

5 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев пен мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының басшылары ЕАЭО-ның ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартты талқылады.

Келіссөздердің кезекті раунды даулы мәселелерді реттеуге бағытталды. Ол ортақ газ нарығын құру перспективаларын талқылау жоспарланып отырған Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 25-26 тамыздағы отырысына дайындық шеңберінде болып өтті.

Арзыбек Кожошев мүше мемлекеттер үшін сезімтал мәселелер бойынша өзара қабылданымды шешімдер тұжырымдау қажеттігін және оларды сындарлы талқылауға дайындықты атап өтті.

Кеңес барысында газ бойынша халықаралық шартта сақталып отырған келіспеушіліктер бойынша пікір алмасу болып өтті, бірқатар айырымдар бойынша уәкілетті органдарының басшылары бәтуаластыққа қол жеткізді.

Тараптар шарттың оны реттеу нысанасына, ортақ газ нарығында «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жағдайларына, газды пайдалануды бақылауға қатысты ережелерін реттеді, сондай-ақ газға арналған нарықтық бағаны бірыңғай түсінуге қол жетті.

Уәкілетті органдарының басшылары газ жөніндегі халықаралық шарттың жекелеген ережелерін екіжақты негізде қосымша пысықтауға және құжатпен жұмыс істеуді аяқтап, оны Одақ органдарының қарауына енгізу үшін бұл мәселелерді 12 тамызда талқылауды жалғастыруға сөз байласты.

Анықтама

Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт оның жұмыс істеуінің қағидатты жағдайларын айқындайды. Ортақ нарықты құру үш кезеңде жүзеге асырылады. Қорытынды үшінші кезеңінде — 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін — Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартты күшіне енгізу көзделген. Ортақ нарықты қалыптастыру және ұлттық заңнаманы үндестіру жөніндегі жұмыс ЕАЭО туралы шартта, Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру Тұжырымдамасы мен Бағдарламасында көзделген базалық қағидаттарды ескере отырып жүргізіледі.