тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Комиссия
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 2
31 қаңтардың 2025
ЕАЭО Еуразиялық көлік дәліздерін дамытуда
Еуразиялық үкіметаралық кеңес 2022-2024 жылдар ішіндегі Еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін теміржол, автожол және порт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шаралары туралы баяндаманы қарады. "Еуразиялық көлік дәліздері — Одақтағы бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыруды және ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымының негізі", – деп атап өтті ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев. Еуразиялық көлік дәліздерінің үлесіне ЕАЭО-дағы транзиттік тасымалдар көлемінің шамамен 70%-ы тиесілі, бұл әрбір елдің ұлттық учаскелерін дамытуда қадамдастырудың маңызды екенін көрсетеді. Баяндамада "бестік" елдерінің қабылданған стратегиялық құжаттарына сәйкес Еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттарын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқандығы атап өтілді. Бұл ретте ЕАЭО мемлекеттері өткізу қабілеті шектеулі учаскелерді "ұштастырып тігу" үшін бірлескен күш-жігерді қадамдастыру жөнінде шаралар қабылдайды. "ЕАЭО елдері арасындағы тығыз сауда және көлік байланыстары олардың әрқайсысының экономикалық өсуіне жәрдемдеседі. Бұл жағдайда сыртқы сауданы қамтамасыз етудің негізгі факторы ретінде Еуразиялық көлік дәліздерінің маңыздылығы артып келеді", – деп сенім білдірді Арзыбек Кожошев. Талдау нәтижелерін ЕАЭО-да көлік инфрақұрылымын дамытуды үйлестіру жөніндегі алдағы жұмыстарда пайдалану жоспарлануда.
27 наурыздың 2024
ЕЭК көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры болып Рустан Дженалинов тағайындалды
Дженалинов Рустан Жанатұлы 1975 жылы 1 қаңтарда Павлодар қаласында (Қазақстан Республикасы) дүниеге келген. 1997 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Автомобиль және трактор жасау» мамандығы бойынша инженер-механик біліктілігін алып бітірген, ал 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша заңгер біліктілігін алған. Еңбек жолын 1997 жылы №1 Ақмола автокөлік кәсіпорнында ӨТТ (Өндірістік-техникалық бөлім) инженері болып бастаған. 1999 жылдан 2002 жылға дейін Автомобиль және су көлігі департаментінің автомобиль көлігі басқармасының жетекші маманы, кейін Автомобиль көлігі департаментінің бөлім бастығы, кейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі автомобиль көлігі басқармасының бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің транзиттік саясат басқармасының бастығы болып тағайындалды. 2006 жылдан 2009 жылға дейін ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) тұрақты хатшылығының Бас хатшысы қызметін атқарды. 2009 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ департаменті басқармасының бастығы, кейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2010-2012 жылдары министрдің кеңесшісі, көлік-коммуникация кешенінің Стратегиялық жоспарлау және дамыту департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және логистика департаментінің директоры болды. 2012 жылдан 2013 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ жанындағы «Ұлттық транспорттық логистиканы дамыту орталығы» АҚ-тың вице-президенті, кейін президенті болып жұмыс істеді. 2013-2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ — «Транспорттық логистиканы дамыту орталығы» филиалының директоры болды. 2017 жылдан бастап «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Логистика және тасымалдау департаментінің басқарушы директоры — директоры болып жұмыс істеді. 2024 жылғы 26 наурызда ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры болып тағайындалды.