Жаңалықтар

31.01.2025

ЕАЭО Еуразиялық көлік дәліздерін дамытуда

Еуразиялық үкіметаралық кеңес 2022-2024 жылдар ішіндегі Еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін теміржол, автожол және порт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шаралары туралы баяндаманы қарады.

"Еуразиялық көлік дәліздері — Одақтағы бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыруды және ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымының негізі", – деп атап өтті ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев.

Еуразиялық көлік дәліздерінің үлесіне ЕАЭО-дағы транзиттік тасымалдар көлемінің шамамен 70%-ы тиесілі, бұл әрбір елдің ұлттық учаскелерін дамытуда қадамдастырудың маңызды екенін көрсетеді.

Баяндамада "бестік" елдерінің қабылданған стратегиялық құжаттарына сәйкес Еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттарын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқандығы атап өтілді. Бұл ретте ЕАЭО мемлекеттері өткізу қабілеті шектеулі учаскелерді "ұштастырып тігу" үшін бірлескен күш-жігерді қадамдастыру жөнінде шаралар қабылдайды.

"ЕАЭО елдері арасындағы тығыз сауда және көлік байланыстары олардың әрқайсысының экономикалық өсуіне жәрдемдеседі. Бұл жағдайда сыртқы сауданы қамтамасыз етудің негізгі факторы ретінде Еуразиялық көлік дәліздерінің маңыздылығы артып келеді", – деп сенім білдірді Арзыбек Кожошев.
Талдау нәтижелерін ЕАЭО-да көлік инфрақұрылымын дамытуды үйлестіру жөніндегі алдағы жұмыстарда пайдалану жоспарлануда.