Дженалинов Рустан Жанатұлы 1975 жылы 1 қаңтарда Павлодар қаласында (Қазақстан Республикасы) дүниеге келген.
1997 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Автомобиль және трактор жасау» мамандығы бойынша инженер-механик біліктілігін алып бітірген, ал 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша заңгер біліктілігін алған.
Еңбек жолын 1997 жылы №1 Ақмола автокөлік кәсіпорнында ӨТТ (Өндірістік-техникалық бөлім) инженері болып бастаған.
1999 жылдан 2002 жылға дейін Автомобиль және су көлігі департаментінің автомобиль көлігі басқармасының жетекші маманы, кейін Автомобиль көлігі департаментінің бөлім бастығы, кейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі автомобиль көлігі басқармасының бөлім бастығы болып жұмыс істеді.
2002 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің транзиттік саясат басқармасының бастығы болып тағайындалды.
2006 жылдан 2009 жылға дейін ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) тұрақты хатшылығының Бас хатшысы қызметін атқарды.
2009 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ департаменті басқармасының бастығы, кейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2010-2012 жылдары министрдің кеңесшісі, көлік-коммуникация кешенінің Стратегиялық жоспарлау және дамыту департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және логистика департаментінің директоры болды.
2012 жылдан 2013 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ жанындағы «Ұлттық транспорттық логистиканы дамыту орталығы» АҚ-тың вице-президенті, кейін президенті болып жұмыс істеді.
2013-2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ — «Транспорттық логистиканы дамыту орталығы» филиалының директоры болды.
2017 жылдан бастап «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Логистика және тасымалдау департаментінің басқарушы директоры — директоры болып жұмыс істеді.