Жаңалықтар

06.05.2024

Теміржол көлігі саласындағы техрегламенттерге арналған өнімдер тізбесі бекітілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының келесі техрегламенттеріне арналған өнімдердің тізбесін бекітті: «Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 002/2011), «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 003/2011).

Тізбелер алғаш рет бектіліп отыр. Оларға теміржол көлігі саласындағы техрегламенттер қолданылатын барлық өнімдер кіреді.

Тізбелер кеден органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына өнімді әкелген кезде техникалық реттеу шараларының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға арналған.

Өнім тізбелерін қабылдау Одақтың теміржол көлігі саласындағы техникалық регламенттерінің талаптарын іске асыруға ықпал ететін болады.