Жаңалықтар

13.09.2021

Табиғи жанғыш газ өнімін сынауға арналған стандарттар бекітілді

«Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентті іске асыру үшін зерттеу және өлшеу қағидалары мен әдістерін қамтитын стандарттар тізбесі бекітілді.


Бұл стандарттарды толық шамасында қолдану техникалық регламентке қосымшада белгіленген, тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи газдың физикалық-химиялық және пайдалану көрсеткіштеріне қойылатын талаптарды сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Стандарттар тізбесіне 32 мемлекетаралық стандарт, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің 28 ұлттық стандарты кірістірілген, олардың 26-сы ИСО халықаралық стандарттары негізінде, 2-і АСТМ өңірлік стандарттары негізінде әзірленген.

Ерікті қолдану үшін стандарттар тізбесі көзделмеген, өйткені өнімге қойылатын талаптар тікелей техникалық регламентте белгіленген.

Бұл ретте ЕАЭО елдерінің ұлттық стандарттары үшін тиісті мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуге дейінгі өтпелі кезеңдер көзделген.

 

Анықтама:

Стандарттарды әзірлеу зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде бұл техникалық регламенттің талаптарын 2022-2023 жылдары қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) бағдарламасының жобасында көзделген.