Жаңалықтар

19.05.2022 (Обновлено: 27.05.2022 10:05)

ЕЭК өңіраралық ынтымақтастықты дамыту туралы алғашқы семинар өткізді

12-13 мамырда Сюник обласының (Армения Республикасы) Капан қаласында өткен семинар барысында «бестік» елдерінің өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтағы өңіраралық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін және жасыл экономика саласындағы өзара іс-қимылды талқылады
Еуразиялық экономикалық комиссияның Макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Асқар Жаппарқұлов атап көрсеткендей, өңіраралық өзара іс-қимыл ұлттық, сол сияқты әлемдік те экономика мен сауданың жұмысы істеуі мен дамуының негізі болып табылады.Өңірлер арасындағы байланыстың әлсіреуі, трансшекаралық сауданың қысқаруы өңірлердің және тұтастай елдің бәсекелестік мүмкіндіктері мен өндірістік әлеуетінің төмендеуіне, экономикалық өсуінің баяулауына алып келеді.

Армения Республикасы Сюник облысының губернаторы Роберт Гукасян өз кезегінде өңірлер арасындағы тікелей диалог тұтастай өңірдегі бизнес пен экономиканың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрінің орынбасары Ваче Тертерян ЕАЭО мүмкіндіктерін өңірлік өндіріс пен экспорттық дамыту үшін белсенді пайдалану қажеттігін, жергілікті бизнестің кооперациялық байланыстар құруға, ЕАЭО-ның басқа елдері өңірлерінің өндірісшілерімен және инвесторларымен орнатылатын байланысуға мүдделі екендігін мәлімдеді.

ЕЭК өкілдері семинарға қатысушыларға Одақтағы өңірлерді және бизнесті дамыту мүмкіндіктері туралы айтып берді, ал Ресей Федерациясы Стратегиялық бастамалар агенттігінің (СБА) өкілдері өңірлердің инвестициялық тартымдылығын бағалауға қатысты тәсілдемелерді таныстырды, осыдан кейін Армения өңірлерінің компаниялары мен кәсіпкерлері өз сұрақтарына жауап алды.

Армения марздарының (облыстарының) өкілдері Сюник, Гегаркун, Лорий, Вайоцдзор, Арагацотн және Котай марздарының, соның ішінде органикалық ауыл шаруашылығын дамыту, жаңғыртылатын энергия (қолайлы климатқа – жыл ішіндегі 300 жарық күнге байланысты экономикалық жағынан орынды болатын күн панельдерін орнату), рекреациялық және сауықтыру кешендері өндірісі, ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар саласын дамыту бөлігіндегі инвестициялық мүмкіндіктері туралы хабардар етті және жаңа кооперациялық жобалар құруға мүдделілік білдірді. Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігінің өкілдері өз кезегінде мемлекеттің өңірлік дамуды қамтамасыз ету тәжірибесі мен тәсілдемелері туралы айтып берді.

Семинарға қатысушылар өңірлік өндірушілер өнімдерінің көрмесінде, сондай-ақ Сюник облысының жұмыс істеп тұрған өндірістерінде болды. Өндірілетін тауарлар ассортименті барынша кең: сүт және ет өнімі, органикалық косметика, спаржа, құрылыс материалдары (табиғи тастан жасалған беттеу материалдары өндірісі), киім, үйге арналған тоқыма, бал, құрғақ жемістер, ішімдіктер, консервіленген өнімдер. Тараптар ЕАЭО ауқымында экспорт пен өндірістік кооперацияны кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

«Жасыл төңкеріс: өңірлер үшін мүмкіндіктер мен перспективалар» тақырыптық семинарында жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту және жасыл экономика қағидаттарын ендіру мәселелері талқыланды. Қатысушылар ЕАЭО-да жасыл экономикаға көшу елдердің ұлттық мүдделерін және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қырларын ескере отырып, жобалық тәсілдемені іске асыру арқылы біртіндеп жүргізілуге тиіс деп атап өтті.

ЕЭК өңіраралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты, соның ішінде оған өңірлік әкімшіліктердің өкілдерін қоса отырып дамыту жөніндегі жұмысты жүйелі құру үшін семинарға қатысушылардан алынған ұсыныстардың бәрін жинақтайтын болады.

Семинар материалдары: Армавир облысы, Вайоцдзор облысы, Котай облысы, Лорий облысы, Сюник облысы, Ширак облысы

Анықтама

Семинардың ұйымдастырушылары – Еуразиялық экономикалық комиссия, Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігі, Армения Республикасы Сюник облысының әкімшілігі және Капан қаласының мэриясы.

Іс-шараға ЕАЭО елдері уәкілетті органдарының өкілдері, Армения Республикасының Сюник, Гегаркун, Лорий, Вайоцдзор, Арагацотн және Котай марздарының, Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігінің, Армения Республикасы Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрлігінің, Армения Республикасы Қоршаған орта министрлігінің, Ресей Федерациясы Стратегиялық бастамалар агенттігінің, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері және басқалар қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – Арменияның және ЕАЭО-ның басқа елдерінің экономикалық әлеуетін ескере отырып, тәжірибе алмасу және ЕАЭО шеңберінде өңіраралық ынтымақтастықты жандандыруға орайлас тәсілдемелер әзірлеу (Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 6.1.4-тармағын іске асыру), сондай-ақ ЕАЭО-да жасыл экономиканы дамыту (8.3.1, 8.3.2, 8.3.4, 8.3.5, 8.3.7-тармақтар).

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі