Жаңалықтар

08.06.2021

ЕАЭО-да дәрілер өндірісін көшіру кезінде қайталама зерттеулер қысқартылатын болады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Дәрілік заттарды өндіру кезіндегі өндіріс және талдамалық әдістемелер трансфері жөніндегі нұсқаулықты Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ұсынымдар түрінде мақұлдады. Құжат дәрілер өндірісін олардың сапасы мен қауіпсіздігі үшін залалсыз көшіру кезінде қайталама зерттеулер санын азайтуға мүмкаіндік береді. Нұсқаулықта дәрілік препараттарды өндіруді және олардың сапасын бақылауды бір алаңнан басқа алаңға көшіру процесін құжаттамалық ресімдеуді қоса алғанда, осы процесс регламенттеледі, сондай-ақ оны ұйымдастыру кезіндегі іс-әрекеттердің қажетті дәйектілігі түсіндіріледі. Құжат басқа да биомедициналық салаларда, мысалы, клиникалық зертханалардың арасындағы талдау әдістемелерінің трансфері кезінде пайдаланылуы мүмкін.