Жаңалықтар

02.09.2021 (Обновлено: 12.01.2022 09:14)

ЕАЭО-да тауарларды кедендік декларациялаудың оңайлатылған тәртібі өзгереді

2021 жылғы 1 қазаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 138 шешімі күшіне енеді, ол тауарға арналған декларация ретінде көлік (тасымал), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды пайдалана отырып, тауарларды кедендік декларациялау тәртібіне өзгерістер енгізуді көздейді.

Енді сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың баждар, салықтар төлеуге жатқызылған тауарларға қатысты оңайлатылған тәртіпте кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларацияның электрондық түрін ұсынуы керек болады, бұған ЕАЭО мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес мұндай электрондық түрді кеден органы қалыптастыратын жағдайлар қосылмайды.

 

Шешім сондай-ақ мәліметтердің өзгеруі төленуге жататын баждардың, салықтардың мөлшеріне әсер еткен жағдайда тауарлар шығарылғаннан кейін тауарларға арналған декларацияға түзетулерді толтыру ерекшеліктерін, сондай-ақ өзге де жағдайларда өзгерістер енгізу тәртібін белгілейді.

 

Шешім баждарды, салықтарды есептеп шығару мен төлеу туралы мәліметтерді көрсетуге қойылатын бірыңғай тәсілдемелерді, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпигке қарсы, өтемақылық баждарды есептеп шығару мен төлеу мәселелеріндегі ашықтықты қамтамасыз етеді.