Жаңалықтар

12.02.2025

ЕАЭО-да түсті металлургиядағы кооперациялық ынтымақтастықты дамытудың басымдықты бағыттары айқындалды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың қолда бар интеграциялық әлеуетін ескере отырып, түсті металлургиядағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа перспективалық бағыттары бойынша ұсыным қабылдады.

"Бұл — қаржылық жәрдемдесу механизмін қолдану мүмкіндігін ескере отырып, түсті металлургияның инновациялық өнімдерінің бірлескен өндірісі, салада озық технологияларды ендіру, осы салада жасыл күн тәртібін іске асыру, сондай-ақ түсті металдардың сынығын қайта өңдеу саласында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру", — деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі министрі Гоар Барсегян.

ЕАЭО түсті металлургия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту үшін ЕАЭО сайтында орналастырылған осы саладағы кооперацияның перспективалық бағыттарының тізбелерін пайдалану ұсынылады. Тізбелер — ашық және мүше мемлекеттердің ұсынысы бойынша нақтылануы немесе кеңейтілуі мүмкін.

"Ұсынымды қабылдау ЕАЭО елдерінде саланы дамытудың ағымдағы басымдықтарын ескере отырып, түсті металлургиядағы кооперацияны одан әрі тереңдетуге ықпал ететін болады", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі.

Кооперацияның перспективалық бағыттарының тізбелері, атап айтқанда, ферромолибден, титан, ванадий-алюминий лигатурасы, мыс сым, бериллий қоласы, алюминийден жасалған бірқатар бұйым (алюминий ұнтақтары мен пасталары, жеңіл балқитын алюминий доңғалақ дискілері, алюминий құрсаулар мен велосипед рамалары) сияқты түсті металлургия өнімдерін өндіруді қамтиды.