Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары Нұрлан Байназаровтың төрағалығымен өткен Уәкілетті экономикалық операторларды (УЭО) дамыту жөніндегі консультативтік комитет жанындағы жұмыс тобының кезекті отырысы барысында кеден органдарының УЭО салған пломбаларды сәйкестендіру құралдары ретінде тануы сияқты осындай оңайлатуды қолдану практикасы талқыланды.
2020 жылы Комиссия УЭО көлік құралдарының жүк үй-жайларына (бөлімдеріне) салған және кеден органдары сәйкестендіру құралдары ретінде танитын пломбаларға қойылатын талаптарды белгілейтін шешім қабылдады.
Жұмыс тобының сарапшылары осы мәселе бойынша қалыптасқан құқық қолдану практикасының алғашқы қорытындыларын және макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында операторлар үшін перспективалы оңайлатуды практикада іске асырудың ықтимал нұсқаларын сөз етті.
Отырыс барысында УЭО-ның тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын типтік талаптардың жобасын талқылау да жалғастырылды.
"Тауарларды есепке алу жүйесі - кеденнен кейінгі бақылаудың перспективалық бағыты, біз осы кезеңде бұл құралды СЭҚ-тың парасатты қатысушыларына қатысты іске асыруға тырысамыз", - деп атап өтті Нұрлан Байназаров.
Анықтама
Уәкілетті экономикалық оператор институты – әріптестік бағдарламасының халықаралық танылған стандарты, ал УЭО – белгілі бір талаптарға сай келетін тұлғалар ретінде кедендік операциялар мен кедендік бақылау жүргізу кезінде оңайлату ұсынылатын тұлғалардың айрықша санаты.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде УЭО институтын дамыту жөніндегі жұмыс тобы 2014 жылы құрылды. Ол Одақта уәкілетті экономикалық оператор институтын жетілдіру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды.