тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Комиссия
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6746
15 шілденің 2025
Андрей Слепнев: "ЕАЭО елдерінің Премьер-министрлері климаттық күн тәртібі мәселелерін реттеу бойынша тәсілдемелерді дамыту және іске асыру жөніндегі орташа мерзімді жоспарды қарайды"
2024 жылы Үкімет басшылары мақұлдаған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде климаттық күн тәртібі мәселелерін реттеу бойынша тәсілдемелерді дамыту және іске асыру жөніндегі бес жылдық жоспар тамыз айының ортасында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынылатын болады. "Атап айтқанда, көміртегін реттеу саласындағы мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ валидация және верификация жөніндегі тиісті органдарды аккредиттеуге орайлас келісілген шешімдерді әзірлеу ұсынылады", — деді Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Сондай-ақ, ЕЭК министрінің сөзінше, Одақ шеңберінде оның мүше мемлекеттерінің климаттық реттеуінен туындаған тосқауылдарды болдырмау және саудаға байланысты климаттық шаралар бойынша үшінші әріптес елдермен өзара іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдау туралы сөз болады. Үкімет басшылары мақұлдағаннан кейін ұсынылатын іс-шаралар ЕАЭО шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны іске асыру жөніндегі 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" іс-шаралар жоспарына енгізілетін болады.
15 шілденің 2025
Бақытжан Сағынтаев Али Хаменеиді туған күнімен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Иран Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеиді туған күнімен құттықтады. "ЕАЭО елдері Иран Ислам Республикасымен өзара құрмет пен экономикалық пайдаға негізделген ынтымақтастықты дамытудың оң серпінін жоғары бағалайды", — делінген құттықтау хатта. Бақытжан Сағынтаев ЕЭК атынан және жеке өз атынан Али Хаменеиге мықты денсаулық, Иранның және оның азаматтарының игілігі үшін белгіленген барлық жоспарлардың іске асуын тіледі.
15 шілденің 2025
ЕЭК Одақ елдеріндегі еңбек көші-қоны саласындағы заң шығару бастамаларына мониторинг жүргізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің еңбек көші-қоны саласындағы ұлттық заңнамалық актілерінің 2023-2024 жылдардағы мониторингі нәтижелерін келісті. Зерттеуге сәйкес, 2024 жылы ЕАЭО шеңберінде еңбек мигранттарының саны 2023 жылмен салыстырғанда 2,98% өскен. Сондай-ақ, Одақ елдері ЕАЭО азаматтарының құқықтарына және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларға айрықша назар аудара отырып, көші-қонды реттеуді жетілдіруді жалғастырып келе жатқаны атап өтілді. "Мүше мемлекеттердің заң шығару бастамалары ЕАЭО туралы шарттың нормаларына қайшы келмеуі және Одақ пен үшінші елдер азаматтарының құқықтарын нақты бөліп көрсеткені маңызды. Жүргізілген мониторинг елдердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыруды қоса, Одақ ішінде еңбек мигранттары үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын растайды", – деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов. Мониторинг мүше мемлекеттердің жоғары білікті мамандарды тарту және ЕАЭО елдері азаматтарының болуын оңайлату шараларын іске асырып жатқанын көрсетті. Негізгі өзгерістердің арасында: Одақ мемлекеттерінен келген еңбек мигранттары үшін болу қағидаларын ырықтандыру, сондай-ақ заңсыз көші-қон мен қауіпсіздікті бақылауды күшейту бар. Неғұрлым елеулі өзгерістер Ресей Федерациясының заңнамасында болды, онда 2024 жылы шетелдік азаматтардың келуін бақылау күшейтілді, көші-қон қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік арттырылды және мигранттардың балаларын жалпы білім беретін мекемелерге қабылдау тәртібі түзетілді. Мониторинг шеңберінде тараптар ЕАЭО мемлекеттерінің еңбек көші-қоны саласындағы ұлттық заңнамасына тұрақты негізде, Одақ елдерінің құзыретті органдарына жыл сайын есептер ұсына отырып талдау жүргізу қажеттігін атап өтті.
11 шілденің 2025
ЕАЭО елдері азаматтық авиациядағы пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану мен реттеу перспективаларын талқылауда
"Азаматтық авиациядағы пилотсыз авиациялық жүйелер: перспективалар, сыни шақырыстар және реттеу" дөңгелек үстелінің қатысушылары пилотсыз авиациялық жүйелердің (ПАЖ) жай-күйі мен азаматтық мақсаттарда пайдалану перспективаларын, пилотсыз ұшу аппараттарын (ПҰА) пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті талқылады. Іс-шара 10 және 11 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтің төрағалық етуімен болып өтті. "Жаһандық цифрландыру және тиімді логистикалық шешімдерге сұраныс жағдайында пилотсыз технологиялар қауіпсіздікті арттыру, шығындарды азайту және көліктің функциялығын кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады", — деп атап өтті Арзыбек Кожошев. Іс-шара шеңберінде қазіргі жағдайда ПАЖ саласындағы қызметті реттеу мәселесі бойынша тәжірибе және халықаралық практика ауысу болып өтті. Тақырыптама бойынша халықаралық реттеудің өзекті тақырыптары мен мәселелерін азаматтық авиация жөніндегі халықаралық ұйымдардың: Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО), Мемлекетаралық авиация комитетінің (МАК) және Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) өкілдері таныстырды. Іс-шараның қорытындысы бойынша жасанды интеллекті қоса, ұшу қауіпсіздігі, цифрлық технологиялардың рөлі және т. б. бойынша нормативтік актілерді үндестіру жөнінде тұжырымдары мен ұсынымдары бар қарар дайындалды.
11 шілденің 2025
ЕАЭО елдері өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуда
ЕЭК бейінді министрі Гоар Барсегянның төрағалығымен өткен Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдері экономикасының нақты секторының бірқатар өзекті мәселесі қаралды. Атап айтқанда, Комиссияның Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы баяндамасы мақұлданды, ЕАЭО мемлекеттерінің өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері бойынша 2023 және 2024 жылдарға, сондай-ақ екі болжамды кезеңге — 2025 және 2026 жылдарға арналған сұранысы мен ұсынысының жиынтық болжамды теңгерімдері келісілді. Өнеркәсіпте кооперациялық жобаларды қаржылай қолдаудың ұлтүсті механизмін іске асыру талқыланды. "Комитет мүшелері өнеркәсіптік субсидиялар саласындағы жұмысты оңтайландырудың және ЕАЭО туралы шарттың жекелеген ережелерін осындай жоспарланған субсидиялар туралы ақпарат беру бөлігінде түзетудің ықтимал механизмдерін талқылады", – деп атап өтті Гоар Барсегян.
11 шілденің 2025
Қайта өңдеудің кедендік рәсімі өнеркәсіптік кооперацияға және ЕАЭО елдірінің экспортына көмектеседі
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеудің кедендік рәсімін қолдану өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды және мүше мемлекеттердің экспортын ынталандырады. Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Виталий Вовк мұны ЕЭК алаңында болып өткен осы тақырып бойынша семинарда атап көрсетті. Виталий Вовктың сөзінше, шетелдік тауарларды кедендік баждар мен салықтарды төлеуден уақытша босата отырып пайдалануды көздейтін мұндай кедендік рәсім Одақта өндірістік процестерді жетілдіруге және тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі. Шын мәнінде, ол Еуразиялық "бестік" елдерінің интеграциялық әлеуетінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. "Комиссияның Одақ мемлекеттері басшыларының жоғары технологиялық өнімді өндіру кезінде өз құзыреттері мен технологияларын дамыту және оның үшінші елдерге экспортын ұлғайту жөніндегі бастамаларын іске асыруы үшін біздің интеграциялық әлеуетіміздің толық пайдаланылғаны жөн. Бұл өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөніндегі күш-жігерді шоғырландыру және бәсекеге қабілетті өнім шығарудың жаңа тиімді механизмдерін әзірлеу үшін қажет", — деп атап өтті Виталий Вовк. Семинарда қайта өңдеудің кедендік рәсімін практикалық қолдану мәселелеріне, оны Одақ мемлекеттерінің кеден органдарының іске асыруының әкімшілік аспектілеріне, өндірушілер мен экспорттаушылар үшін артықшылықтарға айрықша назар аударылды. Аталған рәсім белсенді қолданылатын немесе қолданылуы мүмкін өнеркәсіп салаларының қатарына қозғалтқыш өндірісін, металлургияны, фармацевтиканы, ағаш өңдеуді, химия өнеркәсібін, жеңіл өнеркәсіпті және басқа бірқатар саланы қоса, авиация және кеме жасау, теміржол машиналарын жасау, автомобиль жасау жатады. Аталған салалардағы кооперациялық жеткізілімдер динамикасын талдау ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және үшінші елдердің нарықтарына жоғары технологиялық өнімдер экспортын кеңейту жолында елеулі әлеует бар екенін айғақтайды. Семинар "Ресей экспорттық орталығы" компаниялар тобының жәрдемдесуімен ұйымдастырылды. Оған ЕАЭО елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдарының, ұйымдарының, салалық қауымдастықтарының, бизнесінің 130-дан астам өкілі қатысты.
10 шілденің 2025
Бақыт Сұлтанов жасанды интеллект және авторлық құқық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді
Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Женевадағы штаб-пәтерінде ДЗМҰ-ға мүше мемлекеттер ассамблеясының бірқатар отырысына қатысты. Жасанды интеллекті дамытуға және авторлық құқықты, тауар белгілерін, географиялық көрсеткіштерді және зияткерлік меншіктің басқа да объектілерін қорғау саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіруге қатысты мәселелер қаралды. Ассамблея алаңында ЕЭК министрінің ДЗМҰ Өтпелі және дамыған экономикасы бар елдер департаментінің директоры Хабиб Асанмен кездесуі болып өтті. Тараптар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде Комиссия мен ДЗМҰ өзара іс-қимылының нәтижелерін талқылады. Соның ішінде ДЗМҰ өкілдерінің алдағы 2025 жылғы қазандағы "Антиконтрафакт" халықаралық форумына, сондай-ақ Комиссия өкілдерінің ДЗМҰ тұрақты комитеттері мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу мүмкіндігі расталды. "ЕАЭО елдерінде зияткерлік меншіктің тиімді жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмыста Комиссия бүкіл әлем бойынша зияткерлік меншік құқықтарын сақтауға жәрдемдесетін халықаралық ұйым ретінде ДЗМҰ-ның ауқымды тәжірибесіне сүйенеді", — деп атап өтті Бақыт Сұлтанов. Бұдан басқа, ЕЭК министрінің Беларусь Республикасы Ұлттық зияткерлік меншік орталығының бас директоры Алексей Курманмен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреевамен кездесуі болып өтті. Тараптар зияткерлік меншік саласында жүйелі өзара іс-қимыл құру, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің алдында тұрған міндеттерге сәйкес, соның ішінде "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясын іске асыру шеңберінде интеграциялық әлеуетті ілгерілету мәселелерін талқылады. ДЗМҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің мамандандырылған мекемесі, 194 мемлекет оның мүшесі болып табылады. ДЗМҰ қызметі зияткерлік меншіктің теңдестірілген және тиімді халықаралық жүйесін дамытуға арналған. Зияткерлік меншік саласындағы ағымдағы жаһандық жағдайды қарау мақсатында жыл сайын Ассамблея отырыстары өткізіліп тұрады. 2019 жылы ЕЭК пен ДЗМҰ арасында Өзара түсіністік туралы меморандум жасасылды.
10 шілденің 2025
ЕАЭО мен Индонезия еркін сауда туралы келіссөздерді аяқтады
Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен Индонезия Республикасының экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіруші министрі Айрлангга Хартарто еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің аяқталғаны жайында хабарлады. Тараптардың диалогы БКБ режимінде өтті. "Еуразиялық экономикалық одақ қарымды достас елдермен экономикалық әріптестік желісін дамытуды жалғастыруда. Ал Индонезияның БРИКС мүшесі әрі Оңтүстік Шығыс Азияның халқы 300 млн адамға жақындайтын ірі экономикасының бірі болып табылатыны белгілі", – деп атап өтті Андрей Слепнев. ЕЭК министрі әріптестің тарапынан Еуразиялық "бестік"мемлекеттерімен ынтымақтастыққа деген дәстүрлі қызығушылық бар екенін еске салды. Атап айтқанда, 2023 жылы II Еуразиялық экономикалық форум аясында Мәскеуде "ЕАЭО-Индонезия" ауқымды бизнес-диалогы болып өтті. "Баждардың төмендеуі абсолютті түрде ЕАЭО-ның Индонезиямен саудасының шамамен 3 миллиард долларына әсер етеді. Келісім күшіне енгеннен кейін таяудағы 3-5 жыл ішінде біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы екі есе артады деп санаймыз. Индонезияға ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп топтарының тауарлары бойынша жеткізілімдердің айтарлықтай өсуін күтеміз", — деп атап көрсетті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі. Андрей Слепневтің сөзінше, ЕАЭО Индонезия нарығында, мысалы, полимерлер, тыңайтқыштар, энергия тасымалдаушылар, карьерлік самосвалдар, құбырлар, металдар және түсті металдардан жасалған өнімдер сияқты позицияларға, электр және механикалық жабдықтардың кең номенклатурасына преференциялы қол жеткізе алады. Сөз бидай, ұн, құрғақ сүт, кондитерлік өнімдер, ірі қара малдың халал еті, құс жеткізу жайында да болып отыр. Келісім оған қол қойылғанға дейін мемлекетішілік келісудің тиісті рәсімдерінен өтуге тиіс.
Тағы да көрсету