Жаңалықтар

24.06.2025

Ваагн Казарян Минскідегі Еуразиялық ғылыми-практикалық мектеп шеңберіндегі іс-шараларға қатысты

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян Минскідегі «Әлемдік экономика кеңістігі: идеялар, стратегиялар, өзара іс-қимыл» Еуразиялық ғылыми-практикалық мектебі аясында өтіп жатқан «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік-тарифтік реттеу саласында шешімдер қабылдау» атты ЕЭК-тің үшінші моделінің жұмысын (БКБ режимінде) ашты.

Іс-шараға ТМД елдерінен жүзден астам студент қатысады. Іс-шараның мақсаты Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысын жаңғырту – Сауда жөніндегі консультативтік комитеттің (кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу және қорғау шаралары жөніндегі кіші комитеттің) аналогын өткізу арқылы ТМД елдерінің жастар өкілдері арасында еуразиялық интеграцияны танымал ету болып табылады.

«Кедендік-тарифтік реттеу мәселелері бойынша ЕЭК-тің дәстүрлі моделін іске асыру жастарды Комиссия қызметімен таныстырудың тамаша үлгісі болып табылады. Қатысушылар ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерді тереңірек түсіну үшін халықаралық сауда келіссөздерін жүргізу дағдыларына ие болады», — деп атап өтті Ваагн Казарян.