тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Выберите язык
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6606

30 майдың 2025 Максим Ермолович: "Бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулері әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатты тұжырымдауға көмектеседі" Еуразиялық экономикалық комиссия Мысырдың бәсекелестік ведомствосының қолдауымен Каирде бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдар өкілдерінің жұмыс кездесуін өткізді. Оған ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович қатысты. ЕЭК бейіндік блогының бастамасы бойынша дәстүрге айналған мұндай іс-шаралар халықаралық өңірлік ұйымдарға өзекті мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастық жасауға, жұмыс тәжірибесімен алмасуға көмектеседі. Бәсекелестікті тиімді реттеу практикасы осы бесінші кездесуге қатысушылардың басты назарында болды. "Біз өңірлік ынтымақтастықтың артықшылықтарын ілгерілетеміз, өңіраралық диалогты нығайтамыз және кеңейтеміз, озық бәсекелестік практиканы әр өңірдің қажеттіліктеріне бейімдейміз, жаңа идеялар қалыптастырамыз, бұл сайып келгенде әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатқа алып келеді", – деп санайды Максим Ермолович.    ЕЭК бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулерін өткізуді жалғастыратын болады. Бесінші кездесуге Мысыр бәсекелестік ведомствосының төрағасы, ЮНКТАД, Шығыс және Оңтүстік Африканың Ортақ нарығы, Шығыс Африка қоғамдастығы, Батыс Африка экономикалық және валюта одағы, Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қоғамдастығы, Араб бәсекелестік желісі, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы, БРИКС және Кариб қоғамдастығы өкілдері қатысты.
29 майдың 2025 Арзыбек Қожошев ТМД КОК-тың салалық кәсіби құзыреттілігі бойынша Халықаралық конференцияға қатысушыларға арнап сөз сөйледі ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев Халықаралық конференцияға қатысушылар алдында бейнетілдесім форматында көлікті тұрақты дамыту үшін кәсіби құзыреттілікке қойылатын талаптар туралы сөз сөйледі. ЕЭК министрі өз сөзінде кәсіпқойлық саланы дамыту үшін маңызды рөл атқаратынын, бұл ретте құзыреттердің жоғары деңгейі көлік пен көлік инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуінің кепілі екенін атап өтті. «Технологиялық прогресс бүкіл көлік жүйесіне жаңа талаптар белгілейді, көлік операцияларын технологияландыру белсенді жүріп жатыр, «ақылды» цифрлық және зияткерлік шешімдер енгізілуде. Әйтсе де, осы бастамалардың барлығында көлік жүйесінің тұрақтылығы мен өміршеңдігін қамтамасыз ететін мамандардың рөлі маңызды болып қала береді», – деп атап өтті Арзыбек Қожошев. Министр сондай-ақ ЕАЭО елдері еуразиялық кеңістікте ғылыми дәрежелерді өзара тану есебінен мүмкіндіктерді кеңейту үшін жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. «Халықаралық әріптестік аясында кәсіби құзыреттілікті арттыру, сайып келгенде, елдер мен жалпы өңір экономикасының өсуіне ықпал етеді», – деп атап өтті министр.
29 майдың 2025 Бақытжан Сағынтаев Astana International Forum алаңдарында бірқатар кездесулер өткізді 29 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Астанада Astana International Forum алаңдарында бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевпен жүргізілген келіссөздер барысында ЕЭК пен ТМҰ арасындағы жүйелі ынтымақтастыққа шығудың маңыздылығы, екі интеграциялық бірлестік қызметінің тәжірибесімен алмасудың маңыздылығы атап өтілді. Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Амреевпен кездесу барысында ЕАЭО кеңістігінде кәсіпкерлікке жәрдемдесу мәселелері талқыланды. БАӘ энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Мохамед әл-Мазруимен энергетика саласындағы өзара іс-қимыл перспективалары туралы әңгімелесті. Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Біріккен Араб Әмірліктерінің елшісі Мухаммед Саид Мухаммед әл-Арикимен кездесу барысында Комиссия мен БАӘ Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумды іс жүзінде іске асыру мәселелері жөнінде сөйлесті. Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Николай Подгузовпен ЕАЭО елдерінің экономикасын нығайту үшін инвестициялық қызметтің болашағы туралы пікір алмасу өтті. Еуразиялық «бестік» мемлекеттерінің вице-премьерлерімен – ЕАЭО кеңесінің мүшелерімен жүргізілген келіссөздерде «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясына сәйкес Одақ ішіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттары және үшінші елдермен экономикалық диалогты дамыту талқыланды.
29 майдың 2025 Бақытжан Сағынтаев Astana International Forum жұмысына қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 29 мамырда Астанада Astana International Forum – әлемдік көшбасшыларды, халықаралық ұйымдардың басшыларын, инвесторлар мен бизнес өкілдерін біріктіретін жыл сайынғы ірі іскерлік іс-шараға қатысты. AIF-2025 негізгі тақырыбы «Connecting Minds, Shaping the Future» (Ақыл-ойды біріктіру, болашақты жасау) болды. Мемлекеттердің, үкіметтердің және халықаралық ұйымдардың басшылары жаһандық күн тәртібінің үш негізгі бағыты: сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік; экономика және қаржы; энергетика және климаттың өзгеруі бойынша кең ауқымды мәселелерді қарастырды. ЕЭК Алқасының Төрағасы пленарлық отырысқа қатысты, онда жаһандық экономикалық дамуға бағытталған бастамалар талқыланды. AIF-2025 алаңында Бақытжан Сағынтаев жоғары деңгейдегі Форум қатысушыларымен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. AIF-2025-ке әлемнің түкпір-түкпірінен 5 мыңнан астам адам қатысты. 25 пікірталас алаңы ұйымдастырылып, 600-ге жуық шетелдік қонақ оған спикер болды.
29 майдың 2025 ЕАЭО мен Индонезия еркін сауда келісімі бойынша келіссөздерді аяқтау мәселелерін талқылады 28-29 мамыр аралығында Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев Индонезия Республикасына жұмыс сапарымен барды, оның барысында еркін сауда туралы келісім бойынша келіссөздерді сәтті аяқтау үшін ерекше назар аударуды талап ететін мәселелер талқыланды. Джакартада Индонезия Республикасының экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіруші министрі Аирлангга Хартартомен өткен кездесу қорытындысы бойынша «Еуразиялық экономикалық одақ пен Индонезия арасында келісім жасасу Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тауарларына 280 миллионнан астам халқы бар Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі нарығына бажсыз қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Андрей Слепнев ЕЭК министрі преференциялық сауда режимі Индонезия нарығында ЕАЭО өнімінің бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретінін, бұл өз кезегінде осы елге экспортты ұлғайту және әртараптандыру үшін жағдай жасайтынын атап өтті.  Сапар қорытындысы бойынша тараптар одан әрі жиі байланысып тұру туралы уағдаласып, келіссөздерді тезірек аяқтау жоспарын белгіледі.
29 майдың 2025 ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО күнімен құттықтады Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақ күнімен құттықтады. 2022 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен белгіленген бұл мереке 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа қол қоюға орайластырылған. Осы құжатты басшылыққа ала отырып, мүше мемлекеттер мен Комиссия осы жылдар ішінде интеграциялық бірлестікті қалыптастыру және дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарды. «Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істей бастағаннан бері оның жиынтық ЖІӨ 18% – ға өсіп, 2,5 триллион долларға жетті. Экономикалық өсу қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштерден едәуір асып түсті», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Одақ шеңберіндегі өзара сауда көлемі екі есеге артып, 2024 жылы 100 млрд долларға жетті. Бұл ретте ұлттық валюталардың өзара есеп айырысудағы үлесі 92%-дан асты. Үшінші елдермен сауда көлемі 1,4 есе өсті. Өнеркәсіп өндірісі 29%-ға, ауыл шаруашылығы өндірісі 26%-ға өсті. ЕЭК Алқасының басшысы қазірдің өзінде Еуразиялық экономикалық одақты әлемдік маңызы бар экономикалық тартылыс полюсі деп атауға болатынын атап өтті. Осы мақсатта ЕАЭО-ның ондаған елдермен және негізгі өңірлік интеграциялық бірлестіктермен өзара іс-қимылы жалғасуда. «Сауданың, көліктік-логистикалық бағыттардың жаңа конфигурациясы, қаржы және еңбек ресурстарын тиімді бөлу – ЕАЭО елдерінің әрқайсысының және тұтастай интеграциялық бірлестіктің экономикалық өсуінің негізі», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Комиссия Алқасының Төрағасы ЕАЭО елдері мемлекеттері мен үкіметтерінің басшыларына құттықтау хаттарын жолдады.
29 майдың 2025 ЕЭК ЕАЭО-ның статистикалық ақпаратының сапасын бағалау жөніндегі алғашқы есепті дайындады Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың статистика саласындағы Интеграцияны дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын және Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асырудың жылдық қорытындылары қаралды. Отырысқа қатысушылар ЕАЭО-ның 2024 жылғы ресми статистикалық ақпаратының сапасын бағалау жүйесі бойынша есепті талқылады. Консультативтік комитеттің мүшелері бұл жұмыстың өзектілігін атап өтіп, оны жыл сайын жүргізу керек деген қорытындыға келді. Сондай-ақ, статистикаға цифрлық технологияларды енгізу жарияланымдарды дайындау мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Есеп ЕЭК-тің Статистика департаменті мен мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп әзірлеген Одақтың статистикалық ақпаратының сапасын бағалау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес дайындалды. Статистика жөніндегі Консультативтік комитеттің келесі отырысы 2025 жылдың қазан айына жоспарланған. Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің отырысы туралы толық ақпарат статистика департаментінің «Статистика жөніндегі консультативтік комитет» бөліміндегі бетте берілген.
Тағы да көрсету