Жаңалықтар

26.11.2024

Косметикалық өнімге арналған мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы «Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентті (КО ТР 009/2011) іске асыруды және қолдануды қамтамасыз ететін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламасына өзгерістерді бекітті.

Бір жаңа мемлекетаралық стандарт әзірлеу және екі мемлекетаралық стандартты қайта қарау көзделген. Шешім жобасы қазірдің өзінде мемлекетаралық стандарт әзірленген 15 позицияны алып тастауды да көздейді.

Әзірлеу жоспарланған мемлекетаралық стандарт парфюмериялық-косметикалық өнімдердің микробиологиялық көрсеткіштерін бақылауға қатысты. Парфюмериялық-косметикалық өнімдерді орау жөніндегі стандарт, сондай-ақ иіс сезуді дамыту үшін үстел ойындарына арналған стандарт және EN стандартының жаңартылған нұсқасын ескере отырып, оны өзектілендіру мақсатында парфюмериялық-косметикалық өнімдерді дайындауға арналған жиынтықтар қайта қаралатын болады.