Кедендік ретттеу жөніндегі консультативтік комитет жанындағы ЕАЭО елдерінде уәкілетті экономикалық операторларды дамыту және кедендік декларациялау бойынша жұмыс топтарының бірлескен отырысында кеден органдарының бұрын шығарылған тауарларға қорытынды декларация беру кезінде тексеру жүргізу тәртібі қаралды.
Кеңес 24 шілдеде ЕЭК штаб-пәтерінде ЕЭК Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары Нұрлан Байназаровтың төрағалығымен өтті. Оған ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдары мен бизнесінің 30-ға жуық өкілі қатысты.
Декларация іс жүзінде тауарлар шығарылғаннан кейін берілген кезде, егер бизнес үшін осындай оңайлату қолданылса, тәртіп кеден органдары мен бизнестің құжаттар мен мәліметтерге тексеру жүргізу кезіндегі іс-қимылының нақты алгоритмін құруға мүмкіндік береді.
"Бұл жоба тиісті реттеуді қамтамасыз етуге, тауарларды декларациялаудың оңайлатылған тәртібін қолдану кезінде дұрыс болжау мен айқындылықты арттыруға мүмкіндік береді", — деп атап өтті Нұрлан Байназаров.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі уәкілетті экономикалық оператор (УЭО) институтын дамыту жөніндегі жұмыс тобы 2014 жылы құрылды және УЭО бағдарламасына (кеден мен бизнестің әріптестік бағдарламасы) қатысты мәселелерді пысықтаумен айналысады. Тауарларға декларация берілгенге дейін шығару УЭО үшін арнайы оңайлатудың бірі болып табылады.
Кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобы 2022 жылы құрылды, оның қызмет саласына тауарларды декларациялау мәселелері, соның ішінде кедендік декларация берілгенге дейін шығару туралы өтінішті толтыру нысаны мен тәртібі кіреді.