19 маусымда 2022 жылғы 19 сәуірде қол қойылған кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктері туралы келісім күшіне енді.
Келісім Еуразиялық экономикалық одақта кепілді механизмдерді дамытуға және ЕАЭО аясында транзиттік тасымалдар жасау кезінде, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен электрондық құжат айналымын пайдалану жағдайында бизнеске қаржылық жүктемені төмендетуге бағытталған.
Келісімді іске асыру кедендік транзитке қатысатын және Келісімнің талаптарына сай келетін тұлғаларға қазіргіге қарағанда аз мөлшерде қаржылық кепілдіктер беруге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге Келісім кепілгерлерді ұлттық кепілгерлер деп тану шарттарын айқындау және олар үшін транзит кезінде қаржылық кепілдіктер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырудың неғұрлым қолайлы шарттарын белгілеу арқылы қамтамасыз етудің бір тәсілі ретінде кепілгерлік институтын дамытуға қосымша серпін береді.
Бұл екі бағыт жинақтала келе транзиттік тасымалдарды жүзеге асыратын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді, осылайша Одақтың транзиттік жүйесін неғұрлым тартымды және бәсекеге қабілетті етеді.
Келісім бірыңғай транзиттік жүйенің элементтерінің біріне айналды.