Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕАЭО-ның өзара тікелей инвестициялары 2023 жылғы І тоқсанда бүкіл 2022 жылдың деңгейіне қарағанда 64,3% құрады
ЕАЭО-ның өзара тікелей инвестициялары 2023 жылғы І тоқсанда бүкіл 2022 жылдың деңгейіне қарағанда 64,3% құрады
20.09.2023
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде 2023 жылғы І тоқсанда өзара тікелей инвестициялар бүкіл 2022 жылдың деңгейіне қарағанда 64,3% құрады.
Армения мен Қазақстанда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзара инвестициялардың таза құйылымы артты. Өзара инвестициялар Арменияда 3,2 есе, Қазақстанда 43% өсті. Беларусьта ЕАЭО-дан тікелей инвестициялар тасқыны 17,7%, Қырғызстанда 10,6% төмендеді.
ЕАЭО-дағы негізгі инвестор Ресей болып табылады (Өзара инвестициялардың жалпы көлемінің 86%-ы).
Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Өзара инвестициялар»бөлімінде берілген.