Жаңалықтар

23.01.2025

Комиссияның монополияға қарсы істер бойынша шешімдерін орындамағаны үшін айыппұл қолданылатын болады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдарды есептеу әдістемесі мен салу тәртібіне және Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібіне өзгерістер енгізді.

Комиссияның трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істі қарау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою және бәсекелестік шарттарын қалпына келтіру үшін құқық бұзушыларға "мінез-құлық шарттары" деп аталатынды беруі мүмкін екендігін еске алған жөн. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа осындай "мінез-құлық шарттарын" орындамағаны үшін айыппұл санкциялары енгізілді.

ЕАЭО актілеріне енгізілген түзетулер Комиссияның құқық бұзушының "мінез-құлық шарттарын" орындауына бақылау жүргізуін көздейді. Олар белгіленген мерзімде орындалмаған кезде Комиссияға ақпарат ұсынбағаны үшін (тергеп-тексеру жүргізбестен) жүргізілетін рәсімге ұқсас тәртіппен іс қозғалады. Құқық бұзушыға айыппұл санкциялары қолданылады, олардың мөлшері құқық бұзушылықтың құрамына байланысты болады. Жекелеген құрам үшін айыппұлдың барынша көп мөлшері 700 мың Ресей рубліне жетеді.