2002-2011 жылдары Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметінде жұмыс істеп, бас маманнан заң басқармасы бастығының орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өтті. 2012 жылдан бері Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс істейді. Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатыпалым саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары болып тағайындалғанға дейін бәсекелестік саласындағы құқықтық қамтамасыз ету және әдіснама бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Ресей Федерациясының мемлекеттік азаматтық қызметінің 3-сыныпты кеңесшісі. Ресей ФМҚ Құрмет грамоталарымен, "Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін" және "Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін" медальдарымен марапатталған.