Жаңалықтар

21.08.2024

Сурен Мелик-Исраелян ЕЭК-тің Кедендік инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Сурен Самсонович Мелик-Исраелян 1971 жылы Ереван қаласында туған.

Ереван мемлекеттік университетін (экономика факультеті, халықаралық экономикалық қатынастар бөлімі) бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.

Оның 2001 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықтағы еңбек жолы Армения Республикасының кеден қызметімен байланысты болды, осы салада аға инспектордан халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығына дейінгі жолдан өтті. 2021-2024 жылдары Армения Республикасының Еуроодақ және Дүниежүзілік кеден ұйымы жанындағы кеден атташесі болды.

2024 жылғы 16 тамыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары лауазымына тағағайындалды.