Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренконың төрағалық етуімен бейінді консультативтік комитеттің отырысында тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмыс нәтижелері қаралды.
Атап айтқанда, тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында мүше мемлекеттердің бірлескен іс-қимыл бағдарламасының жобасы талқыланды.
«Комиссия ЕАЭО елдерімен бірлесіп, бағдарлама жобасын дайындауды және оны Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынуды келесі жылдың аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бағдарламаны іске асыру елдер мен Комиссияның күш-жігерін Одақ аумағында азаматтардың тұтынушылық құқығын тең қорғауды қамтамасыз ету үшін үйлестіруге мүмкіндік береді»,- деп атап көрсетті Виктор Назаренко.
ЕАЭО-ның барлық елінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің «сапасы» ұғымын айқындауға қатысты бірыңғай тәсілдемелерін бекітуді жоспарлайтын ұсыным жобасын дайындау жөніндегі жұмыс талқыланды.
Электрондық саудада тұтынушылық дауларды шешу мәселенамасына, сондай-ақ тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың трансшекаралық өзара іс-қимылы механизмдерін дамыту перспективаларына айрықша назар аударылды. Алға қойылған міндеттерге қол жеткізудің тиімді құралы Комиссия мен ЕАЭО елдерінің электрондық саудада тұтынушылар құқықтарын қорғауға қатысты жалпы тәсілдемелерді қалыптастыру жөніндегі жоспарлы, кешенді жұмысын көздейтін 2025-Стратегияларының іс-шаралары болады.
Отырысқа қатысушылар тұтынушылар құқықтарын бұзушылық үшін әкімшілік әсер ету шараларын қолдануға қатысты ұлттық реттеудің ерекшеліктерін қарады.
Талқылау қорытындысы бойынша Комиссияның тұтынушылар құқықтарын қорғаудың ұлттық механизмдері мен рәсімдерін жақындатуды және ЕАЭО кеңістігінде тұтынушылар құқықтарын қорғау механизмдерін жетілдіру мақсатында адал іскерлік практика қағидаттарын ендіруді көздейтін бірқатар құжаттарын әзірлеу жөніндегі жоспарлары тұжырымдалды.
Консультативтік комитеттің отырысы ТМД Атқарушы комитетінің, тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттерінің бизнесі өкілдерінің, Одақ жанындағы байқаушы мемлекеттер – Куба мен Өзбекстан өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген форматта болып өтті.