ЕЭК-тің 10 жылдығы туралы бөлім


mm_10year.jpgҚымбатты әріптестер, достар!

2022 жылғы 2 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылғанына 10 жыл толады, оның құрылуы Еуразиялық интеграцияны дамытудың жаңа институционалдық деңгейіне көшуді белгілеген еді. Интеграциялық құрылыстың жаңа кезеңінің басталуына қарай жасалған түйінді қадам — Беларусь, Қазақстан және Ресей Президенттерінің 2011 жылғы 18 қарашада Еуразиялық экономикалық интеграция туралы декларацияға қол қоюы болды, онда практикалық өзара іс-қимылдың, Кеден одағының, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің және солардың негізіндегі Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың нормативтік-құқықтық базасын қалыптастырудың негізгі бағыттары айқындалды.

Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы ретінде Комиссия он жыл бойына оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету, өзара пайданы қамтамасыз ету қағидаттары негізінде Еуразиялық экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту саласында ұсыныстар тұжырымдау, ұлттық мүдделердің тең құқықтығы мен есепке алынуы, қабылданатын шешімдердің экономикалық негізділігі, сондай-ақ ашықтық, жариялылық және объективтілік жөніндегі міндеттерді орындауда.

Осы кезең ішінде біздің елдеріміздің мемлекет және үкімет басшыларының жігерлі шешімдерінің, сондай-ақ Комиссияның, мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволарының жатық жұмысының арқасында интеграциялық процестерді дамытудың жоғары қарқынын қамтамасыз етуге қол жеткізілді.

Осы жылдар ішінде Комиссия Алқасының екі құрамы ауысты. Комиссия Алқасының әрбір Төрағасының алдында өршіл мақсаттар мен өзекті міндеттер тұрды. Комиссия жұмысындағы сабақтастық Одақ күн тәртібін қарқынды іске асырудың кепілі болды. Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012-2016 жылдардағы жұмысын құруға Виктор Борисович Христенконың басшылығымен жұмыс істеген Комиссия Алқасының бірінші құрамының еңбек сіңіргені сөзсіз, Комиссия және Одақ жұмысының алғашқы қорытындыларын ескере отырып, интеграциялық жобаның 2016-2020 жылдардағы дамуы Тигран Суренович Саркисян төрағалық еткен екінші құрамының міндеті болды, интеграцияның жаңа мазмұнын іздеу және пандемияға байланысты теңдесі жоқ сын-қатерлерге орай әрекет ету — қазіргі Комиссия Алқасының міндеті.

Комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына лайықты үлес қосқан Кеңес мүшелерінің, Алқа мүшелерінің, Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің жауапты жұмысының арқасында қалыптасты.

Комиссияның барлық халықаралық қызметшілеріне ризашылығымды білдіремін. Сіздердің адал еңбектеріңіз — бұл интеграциялық процестерді дамытудың жасалған құқықтық және экономикалық негіздері. Одақ туралы шарт, Кеден кодексі, Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қабылданды, Одаққа жаңа мүшелерді қосу қамтамасыз етілді, еңбекшілердің жүріп-тұру еркіндігі мен әлеуметтік кепілдіктері қамтамасыз етілуде, зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енді, 50-ден астам техникалық регаламент және 1200-ден астам халықаралық стандарт қолданылады, 180 млн астам тұтынушы үшін тауарлардың бірыңғай нарығы жұмыс істеп тұр.

Кеңес, Алқа мүшелерінің, Комиссияның лауазымды тұлғаларының, қызметкерлерінің жинақталған әлеуеті, аса жоғары кәсіби шеберлігі алдағы кезде де уақыттың барлық талаптарына жауап беруге және Еуразиялық интеграцияның сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп сенемін.

Құрметті достар және әріптестер, мерейтой күнімен құттықтаймын!

Жаңа биіктерге жетулеріңізге тілектеспін, бәріңізге мықты денсаулық және ізгі игіліктер тілеймін!