Макроэкономика саясаты бойынша Консультативтік комитет

 Макроэкономикалық саясат бойынша Консультативтік комитет

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жанындағы макроэкономикалық саясат бойынша Консультативтік комитет КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің өкілдерімен консультациялар өткізу, Комиссия Алқасы үшін тұжырымдар мен ұсыныстар дайындау және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімдерінің жобалары бойынша келісілген позицияны құрау үшін құрылған.

Консультативтік комитет туралы Ереже ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 130 шешімімен бекітілген.

Комитет жұмысының негізгі бағыттары болып мыналар табылады:

- макроэкономикалық саясат жүргізуде бірыңғай көзқарастарды қалыптастыру;

- КО және БЭК мүше мемлекеттердің экономика және қаржы саласындағы заңнамаларын үйлестіру;

- макроэкономикалық саясаттың негізгі бағдарларын әзірлеу;

- КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және келісілген макроэкономикалық саясат жүргізуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді дайындау;

- экономикалық дамуларына мониторинг жүргізу мақсатында КО және БЭК мүше мемлекеттердің ақпараттық өзара әрекеттесуі;

- КО және БЭК келісім-құқықтық базасы шеңберінде макроэкономикалық саясат саласында мемлекеттер заңнамасын қолдану.

  

Макроэкономикалық саясат бойынша Консультативтік комитеттің құрамы

 

Консультативтік комитеттің төрағасы - Алқа мүшесі - Комиссияның интеграция және макроэкономиканың негізгі бағыттары бойынша Министр Татьяна Дмитриевна Валовая. 

Консультативтік комитет мүшелері:

 

Беларусь Республикасы атынан:

Ярошенко Александр Григорьевич – Экономика министрінің орынбасары;

Ермолович Максим Леонидович – Қаржы министрінің орынбасары;

Алымов Юрий Михайлович – Ұлттық банк Басқармасы Төрағасының бірінші орынбасары.
  
 

Қазақстан Республикасының атынан:

Абылқасымова Мадина Ерасылқызы – Экономикалық даму және сауда вице-министрі;

Ерғожин Дәулет Еділұлы – Қаржы вице-министрі;

Акишев Данияр Талғатұлы – Ұлттық Банк Басқарма Төрағасының орынбасары. 

 

Ресей Федерациясы атынан:

Клепач Андрей Николаевич – Экономикалық даму министрінің орынбасары;

Моисеев Алексей Владимирович – Қаржы министрінің орынбасары;

Швецов Сергей Анатольевич – Орталық банк Төрағасының орынбасары.

  
 

Комиссия Алқасы жанындағы макроэкономикалық саясат бойынша Консультативтік комитеттің бірінші отырысы 2012 жылғы 26 қыркүйекте Мәскеу қаласында болып өтті.

Комитет отырысында 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Макроэкономикалық саясат туралы Келісімді жүзеге асыру шеңберінде әзірленген құжаттардың жобалары мақұлданды.

Макроэкономикалық саясат бойынша Консультативтік комитеттің 2013 жылға Жұмыс жоспары қабылданып, Консультативтік комитеттің кіші комитеті құрылды. 

Консультативтік комитеттің екінші отырысы 2012 жылғы 21 қарашада  Мәскеу қаласында болып өтті. 

Отырыста экономикалық даму тұрақтылығын белгілейтін макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеудің бірыңғай Әдістеме жобасын әзірлеу бойынша жұмыс барысы қаралды.

Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының Негізгі бағыттары мен Негізгі бағдарларын әзірлеуге тұжырымдамалық көзқарастар мақұлданды. КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің қысқа, орта және ұзақ мерзімді бағдарламаларын (болжамдарын) салыстырмалы талдаудың нәтижелері талқыланды.

Комитеттің үшінші отырысы 2013 жылдың наурыз айында Минск қаласында болып өтеді.