Интеграция және макроэкономика

Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Глазьев Сергей Юрьевич

тақырыбы бойынша жаңалықтар «Интеграция және макроэкономика»

21 Nov 2022 ЕАЭО өңіраралық ынтымақтастық бойынша ЕЭК-тің ақпараттық порталын іске қосуға дайындауда Еуразиялық экономикалық комиссияның Макроэкономикалық саясат департаментінің экономикалық саясат стратегиялары бөлімінің бастығы Андрей Пантелеев бұл туралы 17-18 қарашада Ереванда (Армения Республикасы) өткен «ЕАЭО елдерінің экономикалық қауіпсіздігі және орнықтылығы: мемлекет пен бизнестің мүмкіндіктері» халықаралық макроэкономикалық семинарында мәлімдеді. Андрей Пантелеев атап өткендей, порталдың мақсаты ЕАЭО елдері өңірлерінің дамуы, қолданыстағы және әлеуетті бизнес-жобалар туралы, сондай-ақ өңірлік деңгейде бизнесті дамытуға арналған жеңілдіктер, преференциялар және ынталандырулар туралы өзекті ақпаратқа кең аудиторияның қол жеткізуі есебінен ЕАЭО елдері өңірлері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу болады. «Одақ елдерінің өңірлерінде бәсекеге қабілетті тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін көптеген компания ойдағыдай жұмыс істеуде, инвестициялық, соның ішінде кооперациялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар мен қолдау жүйелері құрылған. Біздің мақсатымыз - портал арқылы инвесторлар мен кәсіпкерлердің осы мүмкіндіктер туралы білуіне және Одақтың интеграциялық мүмкіндіктерін ескере отырып, оларды қалай тиімді пайдалану туралы жәрдемдесу»,- деп атап көрсетті ЕЭК өкілі. Сондай-ақ порталда кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін өңірлер мен ЕЭК-тің өзекті жаңалықтары, бизнес-жарнамалардың, компаниялар таныстырылымының және өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға, инвестициялық ахуалға әрі өңірлердегі бизнесті қолдауға қатысты басқа да іс-шаралардың құлақтандыруы жарияланатын болады. Порталды 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында іске қосу жоспарланып отыр.
18 Nov 2022 ЕАЭО-да жаңа экономикалық шынайылықта орнықты дамуды қамтамасыз ету талқыланды 17 қарашада Ереванда өткен "Экономикалық қауіпсіздік және ЕАЭО елдерінің орнықтылығы: мемлекет пен бизнестің мүмкіндіктері" тоғызыншы жыл сайынғы халықаралық макроэкономикалық семинарына қатысушылар орнықтылықты және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Еуразиялық экономикалық комиссияның Макроэкономикалық саясат департаментінің директоры, семинар модераторы Асқар Жаппарқұлов атап көрсеткендей, COVID-19-дан кейін қалпына келмеген әлемдік экономика жаңа сын-қатерлерге тап болды, оның себептері - геосаяси шиеленіс, санкциялар, технологиялық өзгерістер мен энергия ауысу. Логистикамен байланысты елеулі проблемалар туындады, соның нәтижесінде жеткізілімдер құны бірнеше есе өсіп кетті. Ресейге қарсы санкциялар әлемдік нарықтардағы жағдаятты түпкілікті өзгертті. "Бірінші кезекте азық-түлік тауарлары мен отынның бағалары тіпті тез өсуде. Көптеген елде 30-40 жыл ішіндегі рекордтық инфляция тіркелді. Өскелең инфляцияға жауап ретінде орталық банктер ақша-кредит саясатын қатаңдатуда: 75%-ға жуық орталық банктер жыл ішінде ставкаларды көтерді",- деп мәлімдеді Асқар Жаппарқұлов. Мемлекетаралық банктің вице-президенті Игорь Чумаковский өз кезегінде ЕАЭО елдерінің барлық - саладағы - экономика, қаржы, төлем және басқа салалардағы экономикалық қауіпсіздігі мәселелерін шешудің маңыздылығын атап өтті. Ол мемлекеттік органдардың, академиялық топтар мен бизнестің тығыз өзара іс-қимылы қажеттігін атап көрсетті. Семинарға қатысушылар елдердің және интеграциялық бірлестіктердің деңгейінде ықтимал жаһандық рецессияны еңсеру жолдарын талқылады.  БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының жаһандану және даму стратегиялары бөлімшесінің басшысы Игорь Паунович бұл проблеманы шешудегі өз пайымдауын ұсынды: "Бізге бәрінің өркендеуін қамтамасыз ететін дамудың жаңа моделі қажет. Бұл модельдің өзегі экономиканың көміртексізденуіне, мемлекеттік әрі жекеше ауқымды инвестицияларға негізделген қоғамдық игілікке іргелі әлеуметтік-экономикалық трансформация болып табылады". БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының макроэкономика және даму саясаты бөлімшесінің басшысы Анастасия Несветайлова инфляцияға қарсы басты құрал ретінде таңдап алынған пайыздық ставкаларды арттыру қазіргі жағдаятта қарсы нәтижелі деп толықтырды.  "Бүгінгі инфляция құрылымы өзіне сұраныс, ұсыныс факторларын, сондай-ақ нарықтарды корпоративтік бақылауға және қаржылық алыпсатарлыққа байланысты факторлар тобын кірістіреді. Ставкалардың арттырылуы корпорациялар мен банктердің ұсыныстары мен қылықтарындағы алшақтықты жеңуге қабілетсіз болып қана қоймай, сонымен қатар бұл проблемаларды күшейте түседі. Сол себепті, фискалдық қолдау стратегиясын, тұтынушыларды қорғау шараларын және бағаны селективті бақылауды қамтитын реттеуші шаралардың кешенді пакеті әлемдік экономиканы 2023 жылы рецессиядан сақтай алады",- деп сенім білдірді сарапшы. Еуразиялық даму банкі Интеграциялық зерттеулер орталығы бағытының жетекшісі Антон Малахов жаңа жағдайлардағы Еуразия өңіріндегі көлік байланыстылығы конфигурациясының өзгерістері туралы, сондай-ақ қатысушысының бірі Армения болып табылатын "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінің жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар жайында айтты. "ЕАДБ-ның жаңа зерттеуі шеңберінде осы дәлізді дамытудың инвестициялық жобаларының дерекқоры жиналды, оған жалпы сомасы 38 млрд АҚШ долл.асатын 100-ден астам жоба кірді",- деп Антон Малахов семинарға қатысушыларға ақпарат жеткізді. Семинар барысында санкциялар жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфляцияның жоғары деңгейі мен айқынсыздық кезінде экономикалық өсуді ынталандыру әдістері сияқты мәселелер қаралды. Спикерлер өңірлік ынтымақтастықты және мемлекет пен бизнестің көлік саласындағы өзара іс-қимылын дамыту туралы, қаржы және төлем саласының трансформациясы, ЕАЭО шеңберінде тауарлардың сауда-саттығын ұйымдастыруды дамыту және қазіргі бар жағдайларда компаниялардың экологиялық қағидаттарға бейілділігі туралы айтты. Ақпараттық және технологиялық қауіпсіздікке де назар аударылды. Мәскеу қаласы Инвестициялық және өнеркәсіптік саясат департаменті басшысының орынбасары Эмиль Петросян өңірлік ынтымақтастыққа тоқталып, инвесторларға жәрдемдесуге дайындық туралы мәлімдеді. "Ағымдағы экономикалық жағынан күрделі әрі тұрақсыз уақытта Мәскеу инвесторларға, соның ішінде ЕАЭО елдерінің инвесторларына қала аумағындағы жобаларды іске асыру үшін қолдаудың теңдессіз шараларын: қаржы және мүліктік қолдауды (жер учаскесін беру), айрықша экономикалық аймақта оқшауландыруды, өнімді кепілді өткізуді, инвесторларды "бір терезе" режимінде сүйемелдеуді және басқаларды ұсынуға дайын. 2019 жылдан бастап Мәскеу қала аумағында, сол сияқты ЕАЭО елдері өңірлерінде орнықты даму жобаларын да белсенді ілгерілетіп отырғанын атап өтемін",- деді Эмиль Петросян. Ресей Федерациясы Стратегиялық бастамалар агенттігі бас директорының кеңесшісі Антон Москаленков ЕАЭО шеңберінде кооперацияны кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау қажеттігі және технологиялық әрі кадрлық егемендікті, мемлекеттік реттеу жүйесінің икемділігін қамтамасыз ету туралы пікір білдірді. "Агенттік Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, Еуразиялық стратегиялық бастамалар және даму институттары консорциумын құру идеясын қолдайды. Тәжірибе мен таңдаулы практикаларды алмасудан бөлек, бірлескен жұмыс нәтижелерінің бірі - ЕАЭО елдері үшін ЭЫДҰ, ДБ және ЮНКТАД-тың қолданыстағы тәсілдемелерінен өзгешелікті жаңа инвестициялық парадигма құру бола алады. Осы тұрғыда ЕАЭО-ға инвестициялар тартудың негізгі факторы ұлттық экономика тарапынан жеткілікті сұранысты қалыптастыру болуға тиіс",- деп хабарлады Антон Москаленков. Қорытындылай келіп, семинарға қатысушылар бизнес пен қоғамның мүддесіне сай келетін және адами әлеуеттің ашылуына, біздің елдер халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға ықпал ететін орнықты дамуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша теңдестірілген позиция тұжырымдау қажеттігі туралы уағдаласты. "Өзінің ұлтүсті мүмкіндіктерін пайдалана келіп, Комиссия алынған нәтижелерді ЕАЭО деңгейінде ұзақ мерзімдік стратегиялық жоспарлау құжаттарына ендіре отырып, тараптармен, халықаралық ұйымдармен және интеграциялық бірлестіктермен тығыз"Өзінің ұлтүсті мүмкіндіктерін пайдалана келіп, Комиссия алынған нәтижелерді ЕАЭО деңгейінде ұзақ мерзімдік стратегиялық жоспарлау құжаттарына ендіре отырып, тараптармен, халықаралық ұйымдармен және интеграциялық бірлестіктермен тығыз ынтымақтастықта бұл бағыттағы жұмысты белсенді жалғастырады",- деп түйіндеді Асқар Жаппарқұлов.    
Қазан айында ЕАЭО-дағы инфляция 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,5% құрады 18 Nov 2022 Қазан айында ЕАЭО-дағы инфляция 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,5% құрады ЕАЭО бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы қазанда 2022 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 100,3%, 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 111,5% құрады. ЕАЭО бойынша 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда азық-түлік емес тауарлар бағасының айтарлықтай өсуі (12,9%) атап өтілді. Осы кезең ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 10,8%, ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы 10,2% артты. Азық-түлік тауарлары бағасының ЕАЭО бойынша бағадан жоғары өсімі Қазақстанда (21,2%), Қырғызстанда (14,1%) және Беларусьта (13,7%) тіркелді. Азық-түлік емес тауарлар бағасының мейлінше көп артуы Беларусьта (16,8%) және Қазақстанда (16,0%), ақылы көрсетілетін қызметтер бағасының артуы Қазақстанда (12,6%) және Ресейде (10,1%) атап өтілді. Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетіндегі "Тұтыну бағаларының индексі туралы" бөлімде берілген.
Тағы да көрсету

тақырыбы бойынша шешімдер «Интеграция және макроэкономика»

нормативтік құжаттар

Бағыт бойынша материалдар

18 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
Глазьев Сергей Юрьевич
Глазьев Сергей Юрьевич
Глазьев Сергей Юрьевич
Глазьев Сергей Юрьевич
Глазьев Сергей Юрьевич
Глазьев Сергей Юрьевич
Глазьев Сергей Юрьевич
0/0