Кедендік ынтымақтастық

Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Алишеров Эльдар Туралиевич

тақырыбы бойынша жаңалықтар «Кедендік ынтымақтастық»

21 Nov 2023 Қырғыз Республикасының шекарасындағы өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылымын кешенді жаңғырту аяқталып келеді Еуразиялық экономикалық комиссияның сарапшылары мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті өкілдері Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі өкілдерінің қатысуымен 13 - 17 қарашада Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарасында орналасқан «Кайрагач», «Карамык» және «Бор-Добо» автомобиль өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылымы элементтерінің жайластырылуы мен материалдық-техникалық жарақтануына мониторинг жүргізді. Мониторинг қорытындысы бойынша Комиссияның Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Данияр Иманалиев пен Қырғыз Республикасы кеден қызметі басшысының орынбасары Алмаз Салиев есепке қол қойды, онда бұл пункттердің кедендік инфрақұрылымы элементтерінің жайластырылуы мен материалдық-техникалық жарақтандырылуы жөніндегі іс-шаралар толық көлемінде орындалғаны атап өтілді. "Қырғызстан Одаққа қосылу шеңберінде алынған өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі барлық міндеттемесін орындауға жақын. Біз жаңғырту шеңберінде бірқатар кедендік инфрақұрылым нысаны салынғанына, өткізу пункттері ең қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықталғанына, кеден қызметінің қызметкерлері қажетті білім мен дағдыларға ие екендігіне және өз міндеттерін орындауға дайын екендігіне көз жеткіздік. Жүргізілген жаңғырту сауданы және транзиттік әлеуетті дамытуға, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға тауарларды шекара арқылы өткізу үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді және бұл ретте кедендік бақылаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етеді", – деп атап өтті Данияр Иманалиев. Данияр Иманалиев Қырғызстан кеден қызметінің басшылығымен бірқатар жұмыс кездесуін өткізді, бұлардың барысында жаңғыртуды аяқтау, күнделікті жұмыс істеуді одан әрі қамтамасыз ету мәселелері және өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру жоспарлары қаралды.  Қырғыз Республикасының кеден қызметінің жаңа инфрақұрылымды тиімді пайдалану жолындағы, соның ішінде бірқатар перспективалық міндетті іске асыру шеңберінде қабылдап жатқан күш-жігері атап өтілді. Олардың арасында шекарадағы барлық бақылаушы органдардың қорғалған байланыс арналары бойынша автоматтандырылған ақпараттық өзара іс-қимылын ендіру; тауарға ілеспе құжаттарды электрондық түрде пайдалануға көшу; кедендік бақылаудың техникалық құралдарын Қырғыз Республикасының кеден қызметінің Бірыңғай автоматтандырылған жүйесіне қосу бар.
20 Nov 2023 ЕЭК ЕАЭО мен ҚХР арасындағы кедендік ынтымақтастық және сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі кіші комитеттің отырысын өткізді Кедендік ынтымақтастық және сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі кіші комитеттің отырысында, бір тараптан, Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері, екінші тараптан – Қытай Халық Республикасы Бас кедендік басқармасы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін қарады. Сөз цифрлық (зияткерлік) кеденді дамыту және перспективалы кедендік технологияларды, "бірыңғай терезе" механизмін ендіру, "уәкілетті экономикалық оператор" институтын, электрондық кедендік транзитті жетілдіру, сондай-ақ "Еуразиялық агроэкспресс" жобасын іске асыру туралы болды. Отырыста Одақ пен оған мүше мемлекеттер тарапынан ЕЭК Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Сергей Владимиров төрағалық етті. "Қытайлық әріптестермен диалогты дамыту Одақтың халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын іске асыру шеңберіндегі жұмыстың өзекті бағыты болып табылады", – деп атап өтті Сергей Владимиров. Оның пікірінше, перспективалы кедендік технологияларды қолдануды қоса, кеден әкімшілігін жүргізудің түрлі мәселелері бойынша ҚХР-мен тәжірибе алмасу ойдағыдай кедендік ынтымақтастықтың маңызды аспектісі болып табылады. Одақ пен ҚХР кеден қызметі арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырудың құқықтық негізі 2018 жылғы 17 мамырдағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім болып табылады, оның 6-тарауы кедендік құн, тауарларды сыныптау, тәуекелдерді басқару, тауарларды уақытша әкелу және кедендік аумақта қайта өңдеу, тауарларды шығару, "бірыңғай терезе" сияқты кедендік реттеудің құқықтық институттарын, шекараны үйлестірілген басқару, уәкілетті экономикалық оператор, сондай-ақ кедендік ынтымақтастық, ақпараттық технологияларды, кедендік инфрақұрылымды қолдану мәселелерін, алдын ала шешімдерді, ақпарат алмасуды және т.б. сөз етеді. Отырыс барысында тараптар кіші комитет ЕАЭО мен ҚХР арасындағы кедендік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін одан әрі талқылау алаңына айналатынына сенім білдірді. Анықтама Кедендік ынтымақтастық және сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі кіші комитет, бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және, екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы 2018 жылғы 17 мамырдағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 6.24-бабына сәйкес бекітілді. Кіші комитетке мынадай функциялар жүктелген: Келісімнің 6-тарауын тиісінше іске асыруды қамтамасыз ету және оны қолдануға байланысты туындайтын барлық мәселені шешу; осы тарауға қатысты тараптар арасындағы сауданы оңайлату мақсатында жетілдірілуі мүмкін салаларды айқындау үшін Келісімнің 6-тарауын іске асыру мониторингін жүзеге асыру; тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ақпарат алмасуды жүзеге асыру, сондай-ақ бірлескен комиссия алдында ұсынымдар мен есеп дайындауды жүзеге асыру.
15 Nov 2023 ЕЭК-те бизнестің декларацияларды тіркеу тәртібі бойынша ұсыныстары талқыланды Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің сарапшылары бейінді жұмыс тобының 14 қарашадағы кезекті отырысында Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары Григор Оганянның төрағалық етуімен кедендік декларацияның үш түрін: тауарларға арналған декларацияны, транзиттік декларацияны және көлік құралына арналған декларацияны тіркеудің жаңа кешенді тәртібін талқылады. Жаңа тәртіп электрондық декларациялаудың басымдығын және автоматты тіркеу мүмкіндіктерін ескереді. Бұл құжатты қосымша талқылау бизнестің қосымша түскен ұсыныстарын қарау қажеттігінен туындады. "Біз осы жаңа және қазіргі заманғы шындықты көрсететін тәртіп бойынша, ең алдымен автотіркеу мәселесін тиісті құқықтық реттеуді қамтамасыз ету бөлігінде жұмыстың қисынды аяқталуына жеткіміз келеді", – деп атап өтті Григор Оганян.   Анықтама Кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобы ЕЭК Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитетінің 2021 жылғы 10 қарашадағы шешіміне сәйкес құрылған.
10 Nov 2023 Комиссияда электрондық сауда тауарларына арналған жаңа декларацияға орайлас тәсілдемелер талқыланды 9 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры орынбасары Сергей Владимировтың төрағалық етуімен экспресс-жүктер мен халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік операциялар жасау тәртібін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері, соның ішінде пошта операторлары мен экспресс-тасымалдаушылар қатысты. Отырыста алушы, жөнелтуші, электрондық сауда операторы және т.б. туралы жалпы мәліметтерді, тауарлар туралы, соның ішінде СЭҚ ТН бойынша тауардың кедендік құны мен коды туралы жекелеген мәліметтерді айқындауға қатысты мәселелер талқыланды. "Электрондық сауда тауарларына арналған декларация Одақтың Кеден кодексіне сыртқы электрондық сауданы реттеу бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген сәттен бастап қолданыла бастайды, Хаттама қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерден өтуде", - деп атап өтті Сергей Владимиров.   Анықтама Комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 20 өкімімен 2017 жылғы 11 сәуірдегі ЕАЭО Кеден кодексі туралы шартқа (сыртқы электрондық сауданы реттеу бөлігінде) өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлданды және оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу мақсатында мүше мемлекеттерге жіберілді. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 10 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде электрондық сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар жоспары (жол картасы) бекітілді. Жол картасының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО мемлекеттерімен бірлесіп, соның ішінде электрондық сауда тауарларына арналған декларацияның нысанын және оны толтыру тәртібін айқындайтын ЕЭК актісін дайындауы қажет.
Тағы да көрсету

тақырыбы бойынша шешімдер «Кедендік ынтымақтастық»

124
20.10.2023 Решение Совета ЕЭК № 124 О проекте решения Высшего Евразийского экономического совета «О вопросах подписания Соглашения о свободной торговле между Евразийским экономическим союзом и его государствами-членами, с одной стороны, и Исламской Республикой Иран, с другой стороны»
37
20.10.2023 Распоряжение Совета ЕЭК № 37 Об утверждении перечня вопросов для заочного голосования Высшего Евразийского экономического совета
162
21.11.2023 Решение Коллегии ЕЭК № 162 О технологических документах, регламентирующих информационное взаимодействие при реализации средствами интегрированной информационной системы Евразийского экономического союза общего процесса «Обеспечение обмена электронными документами и (или) сведениями между таможенными органами государств – членов Евразийского экономического союза в процессе контроля перевозок товаров в соответствии с таможенной процедурой таможенного транзита»
123
24.11.2023 Решение Совета ЕЭК № 123 О внесении изменений в некоторые решения Комиссии Таможенного союза в отношении отдельных видов мяса крупного рогатого скота
174
14.11.2023 Распоряжение Коллегии ЕЭК № 174 О проекте решения Совета Евразийской экономической комиссии «О проекте решения Высшего Евразийского экономического совета «Об основных ориентирах макроэкономической политики государств – членов Евразийского экономического союза на 2024 – 2025 годы»

Бағыт бойынша материалдар

18 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
0/0