Өмірбаян
Армен Анатольевич Арутюнян 1981 жылғы 9 қыркүйекте туған.
2009 жылы Армения Республикасының Мемлекеттік басқару академиясын бітірген, жария басқару магистрі. 2011 жылы Бристоль университетін бітірген, халықаралық даму магистрі.
Еңбек жолын 2005 жылы «Агробизнесті және селоны дамыту орталығы» (Ереван) қорында нарықты қалыптастыру және зерттеу жөніндегі маман болып бастады, осы ұйымда маркетинг бойынша экономист-консультант болып істеді.
2011-2012 жылдары «Армян астығын ілгерілету орталығы» ЖАҚ-та бөлім басқарды.
2012 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі аралықта Армения Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісінен орынбасарына дейінгі жолдан өтті.
2019-2020 жылдары БҰҰ Даму бағдарламасының технологиялар, инновациялар және орнықты даму жаһандық орталығының орнықты және цифрлық ауыл шаруашылығы жөніндегі аға кеңесшісі болды, Сингапур.
2020 жылғы қарашада ЕЭК-тің Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры болып тағайындалды.