1968 жылы 25 маусымда Қырғыз Республикасының Ош қаласында туған.
1994 жылы Ош мемлекеттік университетін "Экономикалық география" мамандығы бойынша үздік бітірген. 1999 жылы ҚырР ҰҒА Экономикалық зерттеулер институтының аспирантурасын бітірді. 2000 жылы Қырғыз мемлекеттік университетін "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша үздік бітірді. "Экономика және халық шаруашылығын басқару" мамандығы бойынша 2011 жылы кандидаттық диссертация, 2017 жылы докторлық диссертация қорғады. 2017-2018 жылдары — М. Рыскулбеков атындағы ҚЭУ профессоры.
1996-2007 жылдары Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігінде түрлі лауазымда, соның ішінде Қырғыз Республикасы Қаржы министрінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2007-2015 жылдары Қырғыз Республикасы Қаржы министрінің орынбасары болды.
2015 жылы Қырғыз Республикасының VI шақырылған Жогорку Кенешіне депутат болып сайланды.
2015-2017 жылдары Қырғыз Республикасының Экономика министрі болды. Ресей-Қырғыз Даму Қоры Кеңесі төрағасының орынбасары.
2017-2019 жылдары — Ұлттық стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі.
2019-2021 жылдары — Қаржы нарығын реттеу және қадағалау мемлекеттік қызметінің төрағасы.
2021 жылғы қазан айынан бастап — Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылғы 20 шілдеден бастап Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министрі) болып тағайындалды.
Қырғыз экономикалық университетінің, Қырғыз ұлттық университетінің, Бішкек мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
150-тен астам ғылыми жарияланымы, 5 монографиясы және жоғары оқу орындарына арналған 2 оқулығы бар: "Қырғыз Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың негіздері" (2006), "Жергілікті бюджетті басқару жүйесін жетілдіру" (2014), "Қырғыз Республикасында бюджеттік қатынастарды реттеу" (2018), "Қырғыз Республикасында көмір өнеркәсібін дамыту" (2019), "Аудиттің негіздері" (2021), "Қырғыз Республикасының бюджет-салық саясатын жаңғырту" (2021).