Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Интерактивті карта
Жаңалықтар
Жаңалықтар
Сөз сөйлеулер
Ақпар графика
Оқиғалар
Бейнегалерея
Фотогалерея
Арнаулы жобалар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Интерактивті карта
Жаңалықтар
Сөз сөйлеулер
Ақпар графика
Оқиғалар
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Интерактивті карта
Жаңалықтар
Жаңалықтар
Сөз сөйлеулер
Ақпар графика
Оқиғалар
Бейнегалерея
Фотогалерея
Арнаулы жобалар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Энергетика және инфрақұрылым
ЕЭК
ЕЭК департаменттері
Комиссия
Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
Кожошев Арзыбек Орозбекович
Көлік және инфрақұрылым департаменті
Энергетика департаменті
Фото
Бейне
Күнтізбе
Өмірбаян
тақырыбы бойынша жаңалықтар «Энергетика және инфрақұрылым»
19 May 2023
ЕАЭО елдері газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру мәселелері бойынша ұстанымдарды жақындастыруда
16-17 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошевтің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің энергетика саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің отырысы өтті. Кездесу барысында еуразиялық «бестіктің» энергетика министрліктерінің басшылары газдың ортақ нарығын және мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастырудың неғұрлым өзекті мәселелерін, ортақ электр энергетикасы нарығының жұмысын, бір күн бұрын режиміндегі өзара сауда қағидаларын және электр энергиясымен орталықтандырылған сауда операторының функцияларын талқылады. Арзыбек Қожошев тараптар ұзақ уақыт бойы консенсусқа қол жеткізе алмаған мәселелерді шешу қажеттігін, сондай-ақ олардың конструктивті диалог жүргізуге дайын екендігін атап өтті: «Тараптар үшін сезімтал мәселелер бойынша шешімдерді іздеу екіжақты негізде де, неғұрлым жоғары деңгейде де ортақ нарық бойынша негізге алынатын құжаттарды тезірек аяқтау және қабылдау мақсатында жалғастырылатын болады». ЕАЭО елдерінің энергетика министрлері ортақ энергия нарықтары қызметінің жекелеген мәселелерін реттеу бойынша екіжақты консультациялар өткізу аясында өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды. Сонымен қатар, кездесу аясында Арзыбек Қожошев Беларусь Республикасының Энергетика министрі Виктор Каранкевичтің еуразиялық интеграцияны дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, Еуразиялық экономикалық комиссия атынан естелік төсбелгісін табыс етті.
15 May 2023
ЕЭК-те көлік саласындағы интеграцияны дамытуды қамтамасыз ететін құжаттар қарастырылды
Көлік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру мәселелері 15 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында қаралды. Отырыста төрағалық еткен Көлік және инфрақұрылым департаменті директорының уақытша міндеттерін атқарушы Елена Валента қатысушыларға 2021-2023 жылдарға арналған жол картасына сәйкес жоспарлы түрде жүріп жатқан Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық жұмыс туралы хабарлады, құжаттардың жекелеген жобаларын дайындаудың ерекшеліктері мен проблемаларын белгіледі, сонымен қатар келесі үш жылдық кезеңге, яғни 2024-2026 жылға арналған жол картасын дайындау жөніндегі жұмыстың басталғаны туралы айтты. Елена Валента жаңа жол картасының мазмұны ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтті, бұл құжат көлік саясатының кезеңдеріне сәйкес интеграциялық процестерді тереңдетуге бағытталуы керек. Отырыста маңызды мәселелердің бірі азаматтық авиацияны дамыту болды. Олардың қатарында заңнаманы үндестіру бағыттары, әділ және адал бәсекелестікті қамтамасыз ету тәсілдері және әуе қатынасын кеңейту бар. Комитет ұшу жарамдылығы және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында келісімдер жасасудың орындылығын, сондай-ақ ЕАЭО-да әуе көлігі қызметтерінің ортақ нарығын құру және оның қызметі жөніндегі халықаралық шартты әзірлеу мен жасасудың орындылығын бағалау тұрғысынан талдамалық жұмыстың қорытындылары бойынша дайындалған баяндамаларды мақұлдады. Комитет отырысына қатысушылардың назары еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың Кешенді жоспарының жобасымен жұмыс жүргізуге аударылды. Инфрақұрылымдық даму туралы құжат тараптар мен Комиссияның бірлесіп атқарған басымды қызметінің бірі болып табылады және көлік дәліздері мен маршруттарының бағыттары, тауар ағындарының логистикасы өзгерген жағдайда үйлестірілген өзара іс-әрекет мүмкіндіктері мен перспективаларын айқындауға арналған. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар ішкі кеме қатынасы, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Іс-шараны аяқтай келе, Елена Валента Одақтың көлік кешендері интеграциясының өзекті мәселелерін жедел шешудің маңыздылығын атап өтті. Талқыланған бірқатар мәселелер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізілетін болады.
19 Apr 2023
ЕЭК табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын іске асыруды қамтамасыз ететін құжатты әзірледі
19 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 20 қосымшасында белгіленген табиғи монополиялар салаларында қол жеткізуді реттеу қағидаттары мен қамтамасыз ету қағидаларын қолдану бойынша жалпы көзқарасты қамтамасыз ететін ұсынымды қабылдады. Құжат түсіндірмелі ақпараттық сипатта болады, бұл Одақ құқығын біркелкі қолдануға бағытталған құжаттарды әзірлеу бөлігінде еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауға ықпал етеді. «Ұлттық заңнамалардың нормалары мен ережелерінде қамтылуы тиіс қағидаттарды жалпы түсінік реттелетін қызметтерге қол жеткізудің ықтимал кемсітушілік жағдайларын болдырмауға ықпал ететін болады», – деп атап өтті ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев. Қабылданған құжат тұтынушылар мен бизнеске табиғи монополиялар қызметтерін мемлекеттік реттеуде қолданылатын тәсілдер мен қағидаттар туралы нақты түсінік қалыптастыруға көмектеседі, осылайша олардың қолжетімділік деңгейін арттырады. Анықтама ЕАЭО мемлекеттерінің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үйлестіруді жүргізу кезектілігін айқындау жөніндегі жол картасының 9-тармағында (2017 жылғы желтоқсанда ЕЭК Кеңесі бекіткен) Алқаның «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен жалпы қағидаларын қолдану туралы ұсынымын қабылдау көзделген.
18 Apr 2023
Арзыбек Қожошев «Қытай-Ресей арасындағы өнеркәсіптік және инвестициялық ынтымақтастық» форумына қатысты
Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев 17 сәуірде «Қытай-Ресей арасындағы өнеркәсіптік және инвестициялық ынтымақтастық» форумына қатысты. «Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасы Одақтың негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ҚХР-мен тауар айналымы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 200 млрд доллардан асты, ал Қытайдың ЕАЭО сыртқы саудасының жалпы көлеміндегі үлес салмағы 23%-ға дейін өсті», — деп атап өтті ЕЭК министрі. Арзыбек Қожошев ҚХР-мен жұмысты жандандыруда «Шығыс – Батыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттарында, оның ішінде Қытайдың «Бір белдеу, Бір бағыт» бастамасымен ұштастыру аясында мүше мемлекеттердің аумағында көлік инфрақұрылымын дамытудың ерекше маңызы бар деген пікірін білдірді. Арзыбек Қожошев ЕАЭО мен ҚХР арасындағы Жүк теміржол тасымалдарын цифрландыру бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарының маңыздылығын атап өтті. Жоспарда ЕАЭО мемлекеттері, ал одан кейін үшінші елдермен, атап айтқанда Қытай Халық Республикасымен екіжақты және транзиттік тасымалдар жасау кезінде жүктерді тасымалдаудың кешенді электрондық технологиясына көшу жөніндегі іс-шаралар қарастырылған. Баяндамада сондай-ақ Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім аясында ЕАЭО елдері мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты дамытуға бағытталған цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін қалыптастыру тақырыбы, инвестицияларды тарту мәселелері және көлік-логистикалық қызметті дамыту ісіндегі инновациялардың маңызы қозғалды. Арзыбек Қожошев қытайлық бизнес өкілдеріне тасымалдау қызметін Комиссия мен Одақ елдерінің бірлескен күш-жігерімен цифрлық кеден мен цифрлық сауданы іске қосу, тауарларды таңбалау, тауарлар мен көліктің қадағалануын қамтамасыз ету сияқты қолдау шараларымен қамтамасыз ететіндігі жоспарланып отырғанын хабарлады. ЕЭК спикері ЕАЭО-ның энергетика саласындағы интеграциялық жобалары туралы қысқаша айтып, бірінші кезекте Одақтың энергоресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыруды қозғады. Ол жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және онымен байланысты көміртексіздендіру процесіне, ЕАЭО-да бірлескен төмен көміртекті технологияларды әзірлеу және енгізу қажеттілігіне ерекше назар аударды. Сөз соңында Арзыбек Қожошев Қытай елінің өкілдерін ағымдағы жылдың маусым айында Сочиде өтетін Еуразиялық экономикалық форум мен Еуразиялық конгреске қатысуға шақырды.
Тағы да көрсету
Қызметі
Шешімдер
нормативтік құжаттар
Қызметі
Энергетикалық статистика
Күн тәртібінде
“Ашық әңгіме”
Атқарылған жұмыс
Іс-шаралар анонстары
тақырыбы бойынша шешімдер «Энергетика және инфрақұрылым»
52
22.05.2023
Решение Совета ЕЭК № 52 О проекте распоряжения Высшего Евразийского экономического совета «О внесении изменений в распоряжение Высшего Евразийского экономического совета от 26 декабря 2016 г. № 7»
7
25.05.2023
Решение ВЕЭС № 7 О внесении изменения в Решение Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 112
67
23.05.2023
Решение Коллегии ЕЭК № 67 О наложении штрафов за непредставление сведений (информации)
66
23.05.2023
Решение Коллегии ЕЭК № 66 О внесении изменений в Положение о Консультативном комитете по государственным (муниципальным) закупкам
65
23.05.2023
Решение Коллегии ЕЭК № 65 О внесении изменений в Правила классификации медицинских изделий в зависимости от потенциального риска применения и о признании утратившими силу некоторых решений Евразийской экономической комиссии
нормативтік құжаттар
Регламент работы Евразийской экономической комиссии
Бағыт бойынша материалдар
Сөз сөйлеулер
Фото
Бейне
06 2016
ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым министрі Адамкул Жунусовтың «Российская газета» газетіне ЕАЭО мен ЖЖЭБ ұштастыру тақырыбы бойынша берген сұхбаты
Ресей Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) қалған елдерімен бірлесіп, көлік саласында Қытайдың қоса қаржыландыруына үміткер 40-тан астам бірлескен жоба ұсынды. Олар Қытай, Еуразиялық одақ және ЕО арасында және Еуразияның (Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Солтүстік – Оңтүстік, Шығыс – Батыс және Солтүстік теңіз жолы) негізгі көлік дәліздерін толықтыратын жанама бағыттар бойынша тұтастай логистиканы жолға қоюға тиіс.
18 2016
ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс»
2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.
16 2016
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Адамкул Жунусовтың «РусАрминфо» ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «Армения ЕАЭО-ның ортақ электр энергетика нарығының толыққанды қатысушысы болады»
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Адамкул Жунусов Еуразиялық апта халықаралық форумы шеңберінде «РУСАРМИНФО» сұрақтарына жауап берді және Арменияның Еуразиялық одақтың (ЕАЭО) бірыңғай энергетика нарығына интеграциялану деңгейін бағалады
09 2016
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Адамкул Жунусов «РУСАРМИНФО» сұрақтарына жауап берді және Арменияның Еуразиялық одақтың бірыңғай энергетикалық нарығына интеграциялану деңгейін бағалады
Арменияның ЕАЭО бірыңғай энергетикалық нарығына интеграциялану деңгейін қалай бағалайсыз? Дамудың қандай объективтік мүмкіндіктері бар?
0
/
0
31 2020
Бірлесудің берекесі. Армения - МИР 24
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы
ЕЭК әлеуметтік желілерде
VK
Youtube
Telegram