Симонян Варос Арутюнович

Өмірбаян

1981 жылғы 5 наурызда Ереван қаласында (Армения Республикасы) туған.

Варос Симонян «экономика және басқару» мамандығы бойынша Арменияның мемлекеттік инженерлік университетін және Брэдфорд университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек қызметін 1998 жылы әртүрлі лауазымдарды атқарып, коммерциялық саладан бастады.

2002-2008 жылдары Арменияның мемлекеттік инженерлік университетінде оқытушы болды.

2002-2005 жылдары - Армения Республикасының Сауда және экономикалық даму министрлігі Кен өндіру өнеркәсібі басқармасының табиғи ресурстарды пайдалану экономикасы бөлімінің жетекші маманы.

2005-2007 жылдары Армения Республикасы Экономика министрлігінің Еуропалық одақпен және Дүниежүзілік сауда ұйымымен ынтымақтастық басқармасының Еуропалық одақпен ынтымақтастық бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2007-2008 жылдары Армения Республикасы Экономика министрлігінің Еуропалық одақпен және Дүниежүзілік сауда ұйымымен ынтымақтастық басқармасының бастығы болды.

2008-2011 жылдары Армения Республикасы Экономика министрлігінің Еуропалық одақпен ынтымақтастық және халықаралық экономикалық ынтымақтастық басқармасының бастығы болды.

2011-2015 жылдары Армения Республикасының Еуропалық одақтағы сауда өкілі болып тағайындалды.

2015-2019 жылдары Армения Республикасының Еуропалық одақтағы сауда атташесі болды.

2019 жылғы тамыздан бастап 2021 жылғы қарашаға дейінгі аралықта Армения Республикасы Экономика министрінің орынбасары қызметін атқарды, бірқатар үкіметаралық комиссиялардың тең төрағасы болды.

2021 жылғы 23 қарашадан бастап Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министрі) болып тағайындалды.

Үйленген, бір қызы бар.

18 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
0/0