Жаңалықтар

11.01.2021

Бақтияр Асаутаев ЕЭК-тің Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Бақтияр Берікұлы Асаутаев 1987 жылғы 9 ақпанда туған. 2010 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.​

Бақтияр Берікұлы Асаутаев 1987 жылғы 9 ақпанда туған. 2010 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

 

Еңбек жолын 2008 жылы бастады. Қарағанды облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында әртүрлі лауазымда жұмыс істеді.

 

2012 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру мәселелері басқармасының басшысы және Халықаралық экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

 

2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары қызметінде болды.

 

2021 жылғы 11 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.