Жаңалықтар

30.03.2022 (Обновлено: 13.04.2022 09:58)

Андрей Слепнев: «Бизнесті тежеуді азайту үшін ЕАЭО-да тауарлардың жаңа топтарын таңбалауға мораторий енгізілуі мүмкін»

ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің басшылығымен Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі жоғары деңгейлі жұмыс тобының отырысы болып өтті.

Отырыс барысында тауарлардың жаңа топтарын таңбалауға уақытша мораторий енгізу мүмкіндігін және қазірдің өзінде таңбалау енгізу ниеті туралы мүше мемлекеттердің хабарламасы түскен тауарлар үшін мерзімдерді ауыстыруды қарау ұсынылды.

«Ықтимал мораторий мерзімін пысықтауда және таяу уақытта үкімет басшыларының қарауына тиісті актінің жобасын енгізуде уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл ретте тараптар қабылданып қойған таңбалау туралы шешімдердің қолданысын жалғастыруға келісті», — атап өтті Андрей Слепнев.
Ол мәселені қарау ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикасының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралардың екінші топтамасын дайындау шеңберінде жүргізіліп жатқанын да айтып өтті.