Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев 2023 жылғы 4 желтоқсанда Тегеранда бастау алған EURASIA EXPO, екінші халықаралық көрмесіне қатысты.
Көрмені ашу рәсімінде ЕЭК министрі: "Логистика және көлік байланыстылығы, "Солтүстік-Оңтүстік" экономикалық дәлізін дамыту, цифрландыру және технологиялық трансформация, технологиялық егемендік және оған қол жеткізудегі өзара көмек, қаржы саласы – ынтымақтастықтың осы бағыттарының барлығы бүгінгі таңда қағидатты маңызға ие болып отыр", – деп атап өтті.
Ол 2019 жылғы қазан айынан бастап ЕАЭО мен Иран арасында Уақытша преференциялық сауда келісімі қолданылатынын, соған сәйкес өзара саудадағы баждар тауарлардың шектеулі номенклатурасы бойынша төмендетілгенін немесе жойылғанын еске салды.
"Біз соңғы үш жыл ішінде ЕАЭО мен Иран арасындағы сауданың еселене түскенін көріп отырмыз. Көріп отырғанымыздай, екі тараптың да бизнесі кооперация үшін жағдайды қосымша жақсартуға мүдделі. Бұл сұратуға біздің жауабымыз – осы айдың аяғына дейін барлық сауданы бажсыз жүзеге асыруды, сондай-ақ тарифтік емес тосқауылдарды төмендетуді белгілейтін толық форматты келісімге қол қойылады. Сауданы қайтадан еселендіру үшін барлық мүмкіндік бар екеніне сенімдімін", – деп сөзін толықтырды Андрей Слепнев.