Жаңалықтар

27.09.2023

Андрей Слепнев: "Ұлттық және жалпыодақтық климаттық реттеудің теңгерімін табу қажет"

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Ecumene 2023 үшінші Жаһандық қаржы форумы барысындағы "Көміртек бірліктерінің нарығы" сессиясында сөйлеген сөзінде осындай пікір білдірді. "Бұл теңгерімге міндетті нормалар, модельдік реттеу, ерікті механизмдер түрінде опциялардың тұтас жиынтығын қалыптастыру арқылы қол жеткізуге болады", - деп сенімділік білдірді ол.


ЕЭК министрі маусым айында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары ЕАЭО шеңберінде климаттық күн тәртібінің мәселелерін реттеу тәсілдемелерін әзірлеуді тапсырғанын еске салды. Технологиялық трансформация шеңберінде ішкі тосқауылдардың туындауына жол бермеу және ЕАЭО мемлекеттері экономикасының бәсекеге қабілеттілігін сақтау міндеті қойылды.

Сондай-ақ, алға жылжып келе жатқан елдерде, мысалы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында ұлттық көміртекті реттеудің дамуын "тежеуге" жол бермеген де маңызды.

"Керісінше, қарқынның өсуіне ықпал ету қажет. Біз әлемде реттеудің қалай дамып жатқанын көріп отырмыз және шынымен де қозғалысты өрістету қажет екенін мойындауымыз керек", - деп атап көрсетті Андрей Слепнев.
Ол бірінші кезекте көміртек бірлігінің мәртебесін және жалпыодақтық деңгейде арнайы талаптар белгіленуі мүмкін экономика салаларын айқындау қажет екенін атап өтті. Сөз климатты қорғау саласындағы валидация және верификация органдарын аккредиттеу бағытындағы тәсілдемелерді жақындастыру туралы болып отыр.
"Еуразиялық көміртек бірліктері саясаттан тыс болуы мүмкін. Мұнда біз кооперацияның кең мүмкіндіктерін көріп отырмыз: климаттық жобаларға бастамашы болатын компанияларымызға көміртек бірліктерін сыртқары іске асыруға көбірек мүмкіндік беру үшін ұлттық және жалпыодақтық құралдар қиюластырылуы мүмкін. Қазір біз осы тақырыпта Қытай тарапымен жұмыс жүргізе бастадық, біздің мүше мемлекеттеріміз басқа елдермен де осындай жұмыс жүргізуде", - деп қорытындылады Андрей Слепнев.

Іс-шараға "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" ЖЕАҚ басқармасының төрағасы Олжас Ағабеков, Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрінің орынбасары Искендер Асылкулов, "Контур" АҚ бас директоры Оксана Гогунская, Net Zero Asia негіз қалаушысы - бас директоры Грейс Хуэй, "Мәскеу биржасы" ЖарАҚ Операциялық тәуекелдер, ақпараттық қауіпсіздік және бизнестің үздіксіздігі департаментінің директоры Сергей Демидов, Беларусь әмбебап тауар биржасы басқармасы төрағасының орынбасары Алексей Мацевило, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы С.С.Алексеев атындағы Жекеше құқықты зерттеу орталығының заңды тұлғалар туралы заңнама бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Татьяна Медведева, Ресейдің Экономикалық даму министрлігі Бәсекелестік, энергия тиімділігі және экология департаментінің директоры Ирина Петрунина қатысты. "Газпромбанк" АҚ-ның бірінші вице-президенті Екатерина Салугина-Сороковая іс-шара модераторы болды.