Жаңалықтар

16.06.2022

Арман Шаққалиев: «ЕАЭО-ның кейбір елдерінде шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуға қатысуы 90%-ға дейін жетеді»

Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында басталған Ресей шағын және орта кәсіпкерлік форумының қатысушылары 15 маусымда шағын және орта бизнесті дамытудың тиімді механизмі ретінде мемлекеттік сатып алу мәселелерін талқылады. Форум жұмысына Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев қатысты.
  Өз сөзінде министр ЕАЭО-да шағын және орта бизнес өкілдерінің мемлекеттік сатып алуға қатысуына және олар үшін сатып алудың ұлттық режимін қамтамасыз етуге айрықша назар аударылатынын атап өтті. «Мемлекеттік сатып алуда қонақжайлылық болуға тиіс. Бұл ретте үлкендер сияқты, кішілерге де қолайлы болатын жағдайлар жасау керек», — деп атап өтті министр.

Мемлекеттік сатып алудың жалпы нарығы 2021 жылы ЕАЭО-да 152 млрд АҚШ долларын құрады. 2020 жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 10% артты. ЕАЭО елдері аумағында өнім берушілердің өзара қатысуында да оң серпін байқалып отыр. Бұл кезеңдегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың құны 2,5 есе артты және 2021 жылы 368,4 млн АҚШ долларын құрады.

ЕЭК министрі мемлекеттік сатып алу нарығы «бәсекелесті, кооперациялық және сапалы» болуға тиіс деп санайды. Арман Шаққалиевтың сөзінше, бұл үшін қазір ЕАЭО-да банк кепілдіктерін өзара тану туралы халықаралық шартты мемлекетішілік келісу өтуде, келесі жыл ішінде іске асыру жоспарланып отырған электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану жөніндегі қағидалар жобасы белсенді пысықталуда.

Комиссияның соңғы жылдардағы маңызды жетістіктерінің бірі деп министр мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың шығарылған елін айқындау механизмдері мен жағдайлары жөніндегі мәселенің шешілуін атады. Мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидалары өнеркәсіптің 13-саласы тауарларының 319 түрі бойынша өндіріс жағдайларын көздейді, оларды орындау кезінде мұндай тауар мүше мемлекеттен шығарылған болып есептеледі.

 

Министр бизнес өкілдерін тауар позицияларын және қағидаларға кірген өндіріс жағдайларын кеңейту жөнінде ұсыныстарды белсендірек жолдауға, сондай-ақ Комиссияның ақпараттық ресурсы — Еуразиялық тізілімге қосылуға шақырды.

Тізілімнен үзінді-көшірме тауардың шығарылған елін растайтын бірыңғай құжат. Бүгінгі таңда оған ЕАЭО-ға қатысушы елдер өндірушілерінің 6000-дан астам тауарының атауы кіреді.

«ЕАЭО аумағында мемлекеттік сатып алу нарығын тиімді дамыту өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің, сондай-ақ әртүрлі мүше мемлекеттердің өндірушілері арасында қолайлы бәсекелестік үшін жағдайлар жасауға, кедергілерсіз және шектеулерсіз сатып алу нарығының кінәратсыз конъюнктурасы үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді», — деп қорытындылады Арман Шаққалиев.