Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті бөлімі бастығының орынбасары Михаил Юсов бұл туралы Иранның 11-інші Iran Air Show - 2022 халықаралық аэроғарыш көрмесі аясындағы "Жалпы мақсаттағы авиацияны дамытудағы перспективалар мен сын-қатерлер" дөңгелек үстелінде мәлімдеді.
"Ондаған жыл бойы импортты алмастырумен және жеткізілімдер бағытын әртараптандырумен айналысып келе жатқан елдердің салалық мамандарымен тәжірибе алмасу пайдалы болып көрінетіні сөзсіз. Бұл тәжірибе ағымдағы геосаяси жағдайларда өз қызметін жоспарлаудың жайсыз міндеттеріне тап болып отырған ЕАЭО мемлекеттерінің авиа өндірушілерінің кәдесіне жарай алады",- деді Михаил Юсов.
Комисияның Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде азаматтық авиажасау саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жол картасын орындау шеңберіндегі жұмыс тәжірибесі ирандық мемлекеттік органдар мен авиация кәспорындары өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды.
ЕЭК өкілінің сөзінше, бұл құжатта қамтылған кейбір бағыттар бойынша жұмыс үшінші елдерді қоса отырып жүргізілуі мүмкін. Бірінші кезекте сөз осы жылғы қазанда бекітілген "Азаматтық авиажасау" Еуразиялық технологиялық платформасы сияқты осындай аспап туралы болып отыр.
Анықтама
Иранның Iran Air Show халықаралық аэроғарыш көрмесі 2002 жылдан бері тұрақты негізде өткізіліп келеді және халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастықты, бірінші кезекте Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия елдерімен кеңейту үшін түйінді алаң болып табылады.
Еуразиялық экономикалық одақтың ірі авиаөндірушілері бұл авиасалонға тұрақты түрде қатысады. Олардың арасында – «Біріккен авиақұрылысы корпорациясы», Улан-Удэ авиация зауыты, Қазан тікұшақ зауыты, «Ресей тікұшақтары" АҚ, «Біріккен қозғалтқыш құрылысы корпорациясы» АҚ, «Алмаз-Антей» ӘҒҚ концерні", П.И.Баранов атындағы ОАМИ, Орал азаматтық авиация зауыты (ОААЗ) және басқалар бар.