Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченконы туған күнімен құттықтады.
"Сіз Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграциялық байланыстарды дамытуға үлкен үлес қосып келесіз", — делінген құттықтау хатта.
Бақытжан Сағынтаев Комиссия атынан және жеке өз атынан Роман Головченкоға мықты денсаулық және аман-есен болып, жауапты қызметінде алда да табысқа жете беруді тіледі.