Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
26 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев: «Экономикалық күштердің ұштасуы өзара тиімді ынтымақтастықтың әсерін бірнеше есе күшейтуге қабілетті»
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форумының «Мемлекетаралық бірлестіктер диалогы: экономикалық күштерді ұштастыру және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету» атты панельдік сессиясына қатысты. «Интеграция диалогы» – әлемдік экономиканы дамытудың басты трендтерінің бірі. Еуразиялық экономикалық одақты сауда-экономикалық қатынастардың жаһандық жүйесіне енгізудің маңыздылығын Одақтың барлық бес елінің басшылары үнемі атап көрсетіп келеді», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. ЕЭК Алқасының басшысы Комиссияның мүше мемлекеттермен бірлесіп жүйелі халықаралық диалог үшін қажетті инфрақұрылым құрғанын атап өтті. Өңірлік мемлекетаралық бірлестіктермен ынтымақтастық туралы 12 меморандум жасалды. Олармен жүргізілген диалог үздік тәжірибе алмасу және сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынын арттыру үшін негіз болады. Комиссия мен Одақ арасындағы байланыстардың кең желісі бүкіл әлемде, соның ішінде Еуразия, Латын Америкасы, Африкада дамыды. Диалог сәтті дамып келе жатқан негізгі серіктестердің қатарына ТМД, ШЫҰ, АСЕАН, МЕРКОСУР, БРИКС, АӨСШК, Анд қауымдастығы, Оңтүстік Американың ортақ нарығы, Африка одағы, Тынық мұхиты альянсы және басқалары жатады. Серіктестік географиясын кеңейтудің негізгі құралы сауда келісімдері болып табылады. Олар Вьетнаммен, Иранмен, Сербиямен, Қытаймен жасалған. Индонезиямен келісім жасасу туралы келіссөздер соңғы сатыда деуге болады. 27 маусымда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында БАӘ және Моңғолиямен тағы екі сауда келісіміне қол қою жоспарланған. «Бүгінде ЕАЭО басқа ұйымдардың интеграциялық құрылымының оң тәжірибесін қабылдауға ғана мүдделі емес. Құрылған бірлестік бола отырып, біз серіктестерге өзіміздің ең жақсы тәжірибемізді ұсынуға дайынбыз. Біздің экономикалық әлеуетімізді ұштастыру өзара тиімді ынтымақтастықтың әсерін бірнеше есе күшейте алады», – деп түйіндеді ЕЭК Алқасының басшысы.
26 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев: «ЕАЭО аясында жыл сайын бизнес-құрылымдар бастамаларының 60%-дан астамы қабылданады»
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында ЕЭК пен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимыл жөніндегі Консультативтік кеңесінің отырысына қатысты. «Комиссияның жұмысы тұтастай алғанда біздің елдеріміздің кәсіпкерлерінің Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетін барынша тиімді пайдалануы үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Біз іскер қоғамдастықпен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев іс-шараға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде. ЕЭК Алқасының басшысы ЕАЭО аясында қомақты нормативтік-құқықтық база құрылғанын, экономиканың түрлі салаларында ұзақ мерзімді басымдықтар айқындалғанын, бұл бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл ретте Комиссияның Одақ елдерімен бірлесіп қалыптастырған Консультативтік кеңесті қоса алғанда, іскер топтармен өзара іс-қимылы механизмдері олардың мүдделерін барынша ескеруге көмектеседі. «Консультативтік кеңестің құрылуы «бір терезе» аясында кәсіпкерлермен қарым-қатынастың жаңа форматына көшуге ықпал етті. Қазір біздің диалог бизнес сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Осы арқылы жыл сайын Одақ аясында бизнес-құрылым бастамаларының 60%-дан астамы қабылданады және реттеуге енгізіледі», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Отырыс барысында еуразиялық экономикалық интеграцияның өзекті мәселелері, оның ішінде ЕАЭО-ның өнеркәсіптік саясат құралдары туралы іскер топтардың хабардар болу деңгейін арттыру және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды жетілдіру мәселелері талқыланды. Консультативтік кеңес қызметінің мақсаты – ЕЭК-тің құзыретіне кіретін салаларда кәсіпкерлікті дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындау бойынша Комиссияның және ЕАЭО Іскерлік кеңесінің тиімді диалогын қамтамасыз ету.
26 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев: «ЕАЭО және АӨСШК елдерінің сауда-экономикалық диалогының маңыздылығы артып келеді»
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Бас хатшысы Қайрат Сарыбаймен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында ЕЭК пен АӨСШК арасындағы кейінгі диалог, атап айтқанда, Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде іс-шаралар жоспарын дайындау мәселелері талқыланды. «Біз өзара мүдделерді ескере отырып, бірлескен қызметіміздің барлық перспективалық бағыттарын жоспарға енгіземіз», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Бұл ретте ЕЭК Алқасының басшысы өңірдегі бірлескен бастамаларды ілгерілетуге баса назар аударуды ұсынды. Еуразиялық экономикалық комиссия мен АӨСШК арасындағы ынтымақтастық жаһандық экономикалық процестер жағдайында өзектілігін арттыруда. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты дамыту үшін тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға келісті. ЕЭК пен АӨСШК Хатшылығы арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға 2022 жылы қол қойылған болатын.
26 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен келіссөздер жүргізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында Мемлекеттік әкімшілік кеңестің төрағасы, Мьянма Одағы Республикасының Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар Өзара іс-қимыл туралы меморандумға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ пен Мьянма елдерінің ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. «Меморандумға қол қойылған сәттен бастап біздің ынтымақтастық жөннідегі экономикалық күн тәртібінің кең ауқымы бойынша оң динамика байқалады. ЕАЭО мемлекеттерінің Мьянмамен тауар айналымы 2019 жылдан 2024 жылға дейін үш еседен аса ұлғайып, 1,5 млрд доллардан асты», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. ЕЭК Алқасының басшысы Тараптардың бір-бірінің сауда-экономикалық мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру өзара іс-қимылды дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететінін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев пен Мин Аун Хлайн ЕАЭО мен Мьянма диалогына қосымша серпінді іскер топтар арасындағы өзара іс-қимыл қамтамасыз етеді деген ортақ пікірге келді. Бұл ынтымақтастықтың жаңа перспективалық бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. ЕАЭО елдеріне Мьянмадан тасымалданатын негізгі тауар түрлері күріш, кофе, пальма майы, какао атбас бұршақтары болып табылады. Мьянмаға импортталатын тауаралар ішінде минералды тыңайтқыштар, тұтыну тауарлары, машиналар мен жабдықтар, металдар, тамақ майлары, цемент, дәрі-дәрмектер басым болып келеді.
26 маусымның 2025
Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум ашылды
26 маусымда Минск халықаралық көрме орталығында IV Еуразиялық экономикалық форум ашылды. Оның негізгі тақырыбы – «Еуразиялық экономикалық интеграция стратегиясы: қорытындылары мен болашағы». Іс-шара ЕАЭО мемлекеттері басшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына орайластырылды. Іс-шараның салтанатты ашылу рәсіміне Беларусь Республикасының Премьер-министрі, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің төрағасы Александр Турчин және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты. Беларусь Үкіметінің басшысы мен ЕЭК Алқасының төрағасы форумға қатысушыларға құттықтау сөздерін айтып, оларға жемісті жұмыс тіледі. "Форум жылдан жылға бизнес-қоғамдастық пен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің билік органдары арасындағы ашық диалог үшін маңызды халықаралық алаңға айналуда», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. ЕЭФ-2025 іскерлік бағдарламасы ЕАЭО мемлекеттерінің көшбасшылары мен халықаралық делегациялар басшыларының қатысуымен пленарлық отырысты, сондай-ақ отыздан астам тақырыптық іс-шараларды қамтиды.
26 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев: «Біздің міндет – ЕАЭО-дағы барлық процесті жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз ету»
26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форумда «Еуразиялық экономикалық интеграция стратегиясы: қорытындылар және перспективалар» атты пленарлық отырысы болды. Іс-шараның негізгі спикерлері Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекет басшылары: Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев болды. Форумға құрметті қонақ ретінде Куба Республикасының Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Мьянма Одағы Республикасының Премьер-министрі Мин Аун Хлайн, Никарагуа Республикасының Беларусь Республикасымен жұмыс жүргізу жөніндегі тең Президенттерінің арнайы өкілі Лауреано Ортега Мурильо қатысты. ЕЭК Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев форумда Одақтың жұмыс істеу қорытындыларын және интеграцияны одан әрі дамыту перспективаларын ұсынды. «Еуразиялық экономикалық одақ өзі құрылған сәттен бастап тұрақты даму серпінін көрсетіп келеді. Он жыл ішінде ЕАЭО елдерінің жиынтық ЖІӨ шамамен 18%-ға, яғни 2014 жылғы 1,6 трлн доллардан 2024 жылы 2,6 трлн долларға дейін өсті. Одақтың әлемдік экономикадағы үлесі 4,2%-ға дейін артты. Өзара тауар айналымы екі есеге артып, 2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 100 млрд долларға жетті. Бұл ретте есеп айырысулардың 93% ұлттық валютада жүргізіледі. ЕАЭО елдері арасындағы қызметтер экспорты 86%-ға өсті. Жұмыссыздық деңгейі 3% дейін төмендеді», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Интеграциялық бірлестік қызметінің маңызды қорытындыларының ішінде ЕЭК Алқасының басшысы еңбек нарығында ырықтандырудың жоғары дәрежеге қол жеткізгенін, экономиканың 142 секторында көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығының қолданылуын, саудадағы 100-ден астам кедергілердің жойылғанын, 52 техникалық регламенттің қабылданғанын, азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің 92% жеткенін атады. Экономиканың нақты секторларын дамыту үшін өнеркәсіпте кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау механизмі іске қосылды. Цифрлық трансформацияның жоғары қарқынын ескере отырып, экономиканың барлық салаларында бірыңғай цифрлық кеңістікті құру бойынша жұмыс жалғасуда. «Бұл мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуге ықпал етеді. Біздің міндет – барлық процесті жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз ету. Кедендік рәсімдерді цифрландыру, мысалы, тауарларды шығару мерзімін алты есеге қысқартты», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Он жыл ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық аренадағы позициясы айтарлықтай нығайды. Бұған сыртқы сауда айналымының 40%-ға өскені дәлел болып табылады. «Біз Одақтың ортақ нарығын негізгі тауарлармен және ресурстармен қамтамасыз ету; көліктік-логистикалық әлеуетті және кооперациялық ынтымақтастықты дамытуды ынталандыру сияқты бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруымыз керек. Біз интеграциялық ынтымақтастық тәжірибесін, ұлттық мүдделерді және ЕАЭО туралы шарттың іргелі негіздерін ескеретін боламыз», — деп түйіндеді ЕЭК Алқасының төрағасы.
25 маусымның 2025
27 БАҚ Еуразиялық экономикалық форумның ақпараттық серіктестері болды
Еуразиялық экономикалық форумның ақпараттық серіктестері ретінде алты елдің 27 ақпарат агенттіктері, телеарналары, газеттері мен желілік басылымдары болды. Армения Республикасының БАҚ: «Арменпресс» ақпарат агенттігі, «АрмИнфо» ақпарат компаниясы, Verelq ақпараттық-талдау орталығы, Alphanews.am ақпарат агенттігі, 24 NEWS.AM ақпарат агенттігі. Беларусь Республикасының БАҚ: «БелТА» ақпарат агенттігі, Беларусь Республикасының ұлттық мемлекеттік телерадиокомпаниясы, «Звязда» Баспа үйі» республикалық унитарлық кәсіпорны, Беларусь Республикасындағы ВГТРК өкілдігі - «РТР-Беларусь» телеарнасы, «Екінші ұлттық телеарна» республикалық унитарлық кәсіпорны (ОНТ), «Астаналық телевизия» республикалық унитарлық кәсіпорны (СТВ), «Минск-Новости» агенттігі» мекемесі, «Бүгінгі Беларусь» баспа үйі» республикалық унитарлық кәсіпорны, Беларусь радиосының алғашқы ұлттық арнасы. Қазақстан Республикасының БАҚ: «Қазақпарат» ақпарат агенттігі, «Хабар» телеарнасы, «Іскер Қазақстан» ақпарат агенттігі, Inbusiness.kz ақпарат агенттігі, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы («Қазақстан» Ұлттық телеарнасы). Қырғыз Республикасының БАҚ: «Кабар» Қырғыз ұлттық ақпарат агенттігі, Қырғыз Республикасының Ұлттық телерадио хабарларын тарату корпорациясы. Ресей Федерациясының БАҚ: ТАСС ақпарат агенттіктері, «РИА Новости» ақпарат агенттігі. Халықаралық БАҚ: Sputnik ақпарат агенттігі және радио, «МИР» халықаралық телерадиокомпаниясы. Иран Ислам Республикасының БАҚ: Ислам Республикасының ақпарат агенттігі (ИРНА).
20 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев: "Комиссия ЕАЭО елдері экономикасының нақты секторын дамыту үшін жақсы жағдайлар жасауға ұмтылуда"
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 20 маусымда XXVIII Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысының жұмысына қатысты. Комиссия Алқасының басшысы сондай-ақ "ЕАЭО экономикасының нақты секторының синергиясы — қазіргі заманның шақырыстарына жауап" сессиясында сөз сөйледі. Бақытжан Сағынтаев өз баяндамасында нақты сектор тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісін, халықты жұмыспен қамтуды және орнықты дамудың негізін қамтамасыз ете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың әрбір елінің экономикасында маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті. "2024 жылы Одақта өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,5% өсті. ЕАЭО елдері арасындағы өзара жеткізілімдер 8,1%, негізгі капиталға салынған инвестициялар 7,5% өсті", — деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев. ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны үдемелі дамыту үшін Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі негізгі бағыттары айқындалды. "Негізінен кәсіпорындардың кооперациялық байланыстарын дамытуға, соның ішінде ғылымды қажетсінетін бірлескен өндірістерді оқшаулау арқылы дамытуға баса назар аударылады", – деп атап өтті ЕЭК Алқасының басшысы. Қорытындылай келе, Бақытжан Сағынтаев бірқатар міндеттерді айқындап көрсетті, олардың шешімі Одақ елдері экономикасының нақты секторын дамыту және өзара әрі сыртқы сауда көлемін ұлғайту үшін қажетті жағдайлар жасауға ықпал ететін болады. ЕЭК Алқасының басшысы атап көрсеткендей, Одақтың серпінді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі ортақ күш-жігердің негізіне Еуразиялық интеграциялық бірлестікке қатысушы әрбір елдің басымдықтары салынған. Бұл экономиканың өсуі, жұмыс орындарын құру, инвестициялар тарту, технологиялық даму, ЕАЭО елдері өнімдерінің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы