Александр Анатольевич Титов 1965 жылы 12 қарашада Ресей Федерациясының Уфа қаласында туған.
1987 жылы Уфа мемлекеттік авиация институтын бітірген.
1989-1991 жылдары әскер қатарында қызмет етті.
1992-2001 жылдары Уфа кеденінде жұмыс істеп, инспектордан бастықтың орынбасарына дейінгі жолдан өтті.
2001-2004 және 2011-2014 жылдары Ресей кеден қызметінің Украинадағы Өкілдігінде қызмет етті.
2014-2024 жылдары Федералдық кеден қызметінің орталық аппаратында әртүрлі лауазымда жұмыс істеді. Соңғы атқарған қызметі — "Ресей ФКҚ Мониторинг және жедел бақылау орталығы" бас басқармасы бастығының орынбасары лауазымы.
Ведомстволық және мемлекеттік наградаларға ие.
2024 жылғы 1 тамыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.