30 мамырда Бейжіңде ШЫҰ (Шанхай ынтымақтастық ұйымы) штаб пәтерінде Интеграция және макроэкономика жөніндегі министр Сергей Глазьев пен ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Шухрат Собирзоданың жұмыс кездесуінде ЕЭК пен ШЫҰ ынтымақтастығының перспективалық бағыттары талқыланды.
Сергей Глазьев Үлкен Еуразия кеңістігіндегі қарымды ойыншылар ретінде ЕАЭО мен ШЫҰ диалогын құрудың маңыздылығын атап өтті.
"ЕЭК 2030 жылға дейінгі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясын қабылдау тұрғысынан дамудың жаңа деңгейіне шығады. ЕЭК-тің барлық стратегиялық құжаттары бойынша ШЫҰ қарымды халықаралық әріптестің бірі болып табылатынын қуанышпен белгілеп көрсете аламын", — деп мәлімдеді Сергей Глазьев.Өз кезегінде Шухрат Собирзода ШЫҰ-ның өзекті халықаралық күн тәртібі және оның мүшелерінің санын, соның ішінде Беларусь Республикасының қосылуы тұрғысында ұлғайту жөніндегі жоспарлар туралы айтып берді.
Тараптар 2021 жылғы 17 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссия мен ШЫҰ Хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдауға қатысты пікір алмасты. Жоспарды іске асыру ЕЭК-ке ШЫҰ өңіріндегі экономикалық өзара іс-қимыл саласындағы өзекті үрдістер туралы хабардар болуға, сондай-ақ әріптестерді Еуразиялық экономикалық жобаның жай-күйі мен даму перспективалары туралы хабардар етіп отыруға мүмкіндік береді.
"Интеграциялық және мемлекетаралық бірлестіктердің өзара іс-қимыл факторы қазіргі заманғы әлемдік архитектурада барған сайын салмақты бола түсуде. Экономикалық күн тәртібі мәселелері бойынша практикалық тәжірибе алмасуға баса назар аудара отырып, ЕАЭО және ШЫҰ диалогы өңірдің дамуы үшін неғұрлым қолайлы және болжамды жағдайларды қамтамасыз етуге арналған", — деп атап өтті ЕЭК министрі.
ЕЭК министрі ШЫҰ Хатшылығы өкілдерін статистикалық деректерді жинауды ұйымдастыру саласында тәжірибе алмасу бөлігінде 19 маусымға жоспарланған, М.В.Ломоносов атындағы ММУ экономика факультетінің статистика кафедрасының және "Росстат" Статистика ҒЗИ базасында өткізілетін "Статистикалық зерттеулердің әдіснамасы мен сараптамасы" семинарына қатысуға шақырды.