«Шешім Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде албырт тұқымдас балықты өнеркәсіптік өсіру көлемін арттыруға, сондай-ақ акваөсіру өнімі өндірісін дамытуға бағытталған»,- деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.
Ол Комиссия Алқасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 8 ұсынымына сәйкес ЕАЭО-ға балық аулау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңартуды қозғайтын акваөсіру саласында ынтымақтастықты дамыту жөнінде шаралар кешенін іске асыру, сондай-ақ балық үшін арнайы жем өндіру жөніндегі қуаттарды құру мен дамыту ұсынылғанын да еске салды.
Балық жемінің жекелеген түрлеріне арналған кедендік әкелу бажының ставкасын азайту туралы шешім 2022 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді.