Жаңалықтар

01.06.2022

ЕЭК пен ҚХР нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік әкімшілігі стандарттау және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді


«Техникалық реттеу механизмдері тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге және саудадағы техникалық тосқауылдарды азайтуға жәрдемдеседі, бұл да Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасы арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа кезеңіне өтуге ықпал ететін болады» , — деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Тимур Нұрашев стандарттау және сәйкестікті бағалау мәселелері бойынша Нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік әкімшілік (SAMR) өкілдерімен бейнекөпір форматындағы екіжақты кездесуде.

«Біз үшін Еуразиялық экономикалық одақтан тыс жерлердегі осы салалардағы сыртқы сауда әріптестерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл халықаралық талаптарға сәйкес өнімге қойылатын талаптар деңгейін және оны бағалау рәсімін бағалауға ғана емес, сондай-ақ саудадағы артық техникалық тосқауылдарды алып тастауға ықпал етеді», — деп атап көрсетті Тимур Нұрашев.


Қатысушылар стандарттау және сәйкестікті бағалау саласында ЕАЭО-да және ҚХР-да жүргізіліп жатқан саясат туралы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ SAMR өкілдері осы салада жасасылған келісімдердің мысалында техникалық тосқауылдарды жою мақсатында ҚХР-да қолданылып жатқан практикалық механизмдер туралы тәжірибемен бөлісті.

Тараптар осы тектес жұмыс кездесулерін жүйелі негізде өткізіп тұру туралы уағдаласты және келесі кездесуде көлік құралдары мен химиялық өнімдерге міндетті талаптар белгілеуге және олардың ЕАЭО мен ҚХР нарығындағы айналысына қатысты мәселелерді талқылау ниетін білдірді.

SAMR халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас директоры Се Цзюнь стандарттау, сәйкестікті бағалау, өнім қауіпсіздігін бағалау жүйесі саласындағы мәселелер бойынша ЕЭК-пен диалогты жалғастыруға мүдделілікті атап көрсетті.

Анықтама
Нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік әкімшілік (SAMR) мынадай салада кең өкілеттігі бар нарықтың реттеушісі болып табылады:
– тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі,
– әділетті нарық бәсекелестігі,
–монополиялар қызметі,
– нарық субъектілерін тіркеу,
– өнеркәсіптік қауіпсіздік,
– стандарттау,
– метрология,
– сынау, инспекциялар, сәйкестікті бағалау,
– мемлекеттік қадағалау,
– сапаны бақылау, ұлттық сапа инфрақұрылымын қалыптастыру.