Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Одақтың «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзектендірілген стандарттардың тізбесін бекітті.
Балалар өнімдерінің кең тізімін жаңарту аясында (мысалы, велосипедтер, балалар ыдыстары, емізік, жөргектер және т.б.) жойылған стандарттар жаңаларына ауыстырылды. Оларды бағалау және бақылау әдістерімен (ацетофенонды, Е-капролактамды, бензапиренді және толуилендиизоцианатты анықтау бойынша) қамтамасыз етілмеген көрсеткіштерге қатысты ҒЗЖ аясында Комиссия әзірлеген төрт әдіс енгізілген. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген транспаренттілік қағидатын қамтамасыз ету мақсатында ресми мәтіндері жоқ бірқатар ведомстволық құжаттар алынып тасталды.
Ауыстырылатын стандарттар тізбеде уақытша қалдырылды. Оларға өтпелі кезеңді қамтамасыз ету мақсатында қолданылу мерзімі белгіленген.