Жаңалықтар

10.07.2024

Гоар Барсегян «Иннопром» көрмесінде ЕЭК стендін таныстырды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян Екатеринбургте өткен «Иннопром» халықаралық көрмесінің жұмысына қатысты.

Іс-шараның ресми бөлігі барысында Беларусь, Қырғызстан, Ресей үкіметтерінің басшылары мен ЕЭК министрі «Трансмашхолдинг» АҚ қатысуымен кооперациялық жобаны талқылады. Тараптар ЕАЭО-да өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру механизмі аясында жаңа өндірістік тізбекті іске қосу мүмкіндігі туралы келісті.

ЕЭК стендін таныстыру барысында Гоар Барсегян: «Биыл «Иннопром» көрмесінде біздің бағдарламамыз өте бай. Комиссия алғаш рет өз стендімен көрмеге қатысып, қатысушылардың назарын аударды және жемісті іскерлік қарым-қатынас алаңына айналып отыр», — деп атап өтті.

Гоар Барсегян Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Александр Ефимовпен кездесу барысында Беларусь елінің ЕАЭО-да одақтық электрмен жүретін автобусын бірлесіп өндіру туралы ұсынысын талқылады. Пилоттық жоба қазірдің өзінде мемлекетаралық бағдарлама аясында жүзеге асырылуда, оған Армения мен Қырғызстан қызығушылық танытып отыр.

Министрлер практикалық аспектілерді талқылай отырып, кооперациялық ынтымақтастықты ынталандыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.

Гоар Барсегянның Татарстан және Свердлов облысының өкілдерімен жұмыс кездесулері барысында өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту қаралды.

Татарстан премьер-министрінің орынбасары – өнеркәсіп және сауда министрі Олег Коробченкомен еуразиялық технологиялық платформалар желісі бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Башқұртстан Үкіметінің премьер-министрі Андрей Назаров Гоар Барсегянмен кездесу баорысында бірқатар бастамаларды ұсынды.

«Башқұртстанның өнеркәсіптік кластерлерді құру мен дамытудағы тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады, олардың саны – он үш. Біз осы бағытта белсенді жұмыс істеуге, жұмыс тобын құруға, қолдау тетігін әзірлеуге келістік», — деп атап өтті Гоар Барсегян.

Башқұртстан стендіндегі диалогты жалғастыру үшін ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Георгий Арзуманян өнеркәсіптегі кооперациялық жобаларды қаржылық қолдаудың жаңа тетігін таныстырып өтті.

ЕЭК Министрі сондай-ақ ЕАЭО Іскерлік кеңесі мен ЕЭК-тің «Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік кооперация: мүмкіндіктер мен перспективалар» бірлескен сессиясына қатысты.

Гоар Барсегянның айтуы бойынша, Комиссия өнеркәсіптік ынтымақтастықты іске асырудың негізгі құралдарының бірі ретінде өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға көп көңіл бөледі. Ол өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру тетігін іске қосуға көмектескені үшін ЕАЭО-ның Іскерлік кеңесіне алғысын айтты.

Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесінің отырысында Гоар Барсегян Одақ елдерінің индустриалды дамыған өңірлерінің өңіраралық байланыстарды кеңейтуге қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Орал федералды округі өнеркәсіп пен инновациялық саланы дамытуда шешуші рөл атқарады. Бұл қаржылық қолдау тетігіне қатысу мақсатында перспективалы жобалар пулын қалыптастыру үшін жақсы негіз жасайтын бағыттар. Демек, олардың инвестициялық әлеуеті де зор. Өңір кәсіпорындарының жаңа құралды іске асыруға белсенді қатысатынына сенімдімін», — деп атап өтті Гоар Барсегян.

Гоар Барсегян «Технологиялық серіктестік: халықаралық бизнестің назарында» атты басты стратегиялық сессияның құрметті қонағы болды.