Жаңалықтар

15.09.2021

14 қыркүйектегі ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 14 қыркүйектегі отырысында Кеден одағының «Теміржол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы», «Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы» және «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» үш техникалық регламентін жаңа редакцияда қабылдады. ЕЭК Кеңесінің мүшелері Үшінші елдермен өзара саудада техникалық тосқауылдарды жоюдың тәртібі мен шарттары туралы келісімге қол қоюға уағдаласты.
ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ортақ қағидаттар мен тәсілдемелерді, сондай-ақ эфир майлы және дәрілік өсімдіктерді өндіру, өңдеу және қолдану саласындағы Еуразиялық технологиялық платформаны бекітті.
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-да жылына 4,5–5,5% өсімге жету үшін ЕАЭО мемлекеттерінің 2021-2022 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесін бекітті.
ЕЭК Кеңесі саңырауқұлақ жіпшумағын ЕАЭО-ның карантиндік бақылауға жатқызылған өнімдер тізбесіне кіргізуге шешім қабылдады.
ЕЭК Кеңесі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін ЕАЭО СЭҚ ТН және ЕАЭО БКТ жаңа редакциясын бекітті.
ЕЭК Кеңесі Вьетнаммен Еркін сауда аймағы (ЕСА) туралы келісімді іске асыру туралы баяндаманы қарады. 2016-2020 жылдары бұл елге ЕАЭО-дан экспорт 9,9% артқаны, импорттың 64,1% өскені тиянақталды.
ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарында Бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы істерді қарау тәртібіне өзгерістер енгізді, сондай-ақ ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесін өзгертті.
ЕЭК Кеңесі «Цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесінің ұлттық сервистерінің ақпараттық-коммуникациялық «көрме-сөрелерін» құру» жобасын іске асыруды мақұлдады.
Цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесі – ашық цифрлық орта, оның міндеті – іскер әріптестерге жеткізілімдердің бүкіл тізбегі бойынша логистикалық ақпарат алмасуға көмектесу, сондай-ақ елдің ішінде және халықаралық деңгейде уәкілетті органдармен заңдық маңызы бар электрондық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-да өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландырудың жаңа механизмдерін әзірлеу тапсырмасын қабылдады. Ұлттық сервистердің «көрме-сөрелерін» құру Одақтың цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін іске асыру үшін цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыруға және цифрлық сервистердің ұлттық элементтерінің пайдаланушылармен өзара іс-қимылын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

ЕЭК Кеңесі 14 қазанда Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы күн тәртібінің жобасын бекітті.

ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы 5 қазанда болады.