Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің май-тоңмай саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастығының негізгі бағыттарын мақұлдады.
Май-тоңмай саласы – Одақтың агроөнеркәсіптік кешенінің неғұрлым серпінді өсіп келе жатқан және экспортқа бағытталған салаларының бірі. Соңғы бес жыл ішінде майлы дақылдардың өндірісі 33 млн тоннаға дейін 1,7 есеге, өсімдік майларының өндірісі 8,8 млн тоннаға дейін 1,5 есеге өсті. Соның арқасында, осы өнімнің экспорты ұлғайып, оған Одақтан аграрлық азық-түліктің сыртқы жеткізілімдерінің бестен бір бөлігі сай келді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда өзгеріп бара жатқан геосаяси және экономикалық ахуалмен, экологиялық күн тәртібімен, сауда-логистикалық бағдарлардың бұзылуымен байланысты жаңа сын-қатерлер туындауда.
Осыған байланысты, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін май-тоңмай саласының стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, Одақтың мүдделі елдеріне бірқатар өзекті бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жасау ұсынылды.
Олардың арасында – тұқымдар импортына сыни тәуелділік байқалатын майлы дақылдардың селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту, оларды өсіру мен өңдеудің заманауи технологияларын енгізу, сондай-ақ май-тоңмай саласын теңдестіріп дамытуды қамтамасыз ету де бар.
Құжатта кадрлардың кәсіби құзырет деңгейін арттыру және қайта даярлау, сондай-ақ Одақтың балама өсімдік өнімдері нарығын реттеу жөніндегі құқығын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұдан басқа, мүше мемлекеттерге климат пен экологияға теріс әсерді төмендету, Одақта өндірілген май-тоңмай өнімдерін үшінші елдердің нарықтарына жеткізу шарттарын жақсарту бойынша іс-шараларды іске асыру арқылы саланың орнықты дамуы бағытында ынтымақтасу ұсынылды.