Жаңалықтар

25.11.2022 (Обновлено: 02.12.2022 09:45)

Максат Мамытканов электрондық сауданы дамытуға арналған конференцияға қатысты

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Максат Мамытканов Еуразиялық экономикалық одақта электрондық сауданы дамытуға және контрафактіге қарсы әрекет етуге арналған "ЕАЭО күн тәртібіндегі маркетплейстер: электрондық сауда тауарларының бірыңғай нарығы" ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

ЕЭК министрі Комиссияның Одақтағы трансшекаралық электрондық сауданы реттеу жөніндегі негізгі бастамалары туралы айтып берді. Конференцияға қатысушылар ЕЭК-тің Одақ құқығын жаңғырту жөніндегі жұмысының нәтижелерімен, соның ішінде ЕАЭО Кеден кодексін жетілдірумен, сондай-ақ мүше мемлекеттерде электрондық сауда институтын дамыту жөніндегі эксперименттерді іске асырумен танысты.

"Сауданы дамыту ақпарат алмасу, кедендік рәсімдерді бақылау мен оңайлату жөніндегі механизмдерді өзара тану арқылы халықаралық кеден қоғамдастығы арасындағы ынтымақтастықты күшейтуді талап етеді",- деп атап өтті Максат Мамытканов.
Оның пікірінше, электрондық сауда институты бүкіл әлемде тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы "көпір" болып табылады және қазір осы перспективалық жоба шеңберінде кеден мен бизнес арасындағы диалогты нығайтуды қамтамасыз ететін икемді құқықтық негізді құру қажет.

Анықтама

Бүгінгі сәтте ЕАЭО мемлекеттерінде өткізіліп жатқан эксперименттер барысында Одақтың қолданыстағы құқығын ескере отырып, жаңа құқықтық тәсілдемелер атқарылып игерілуде. Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №7 өкіміне сәйкес Одақтың нормативтік базасының қалыптастырылуымен қатар, мүше мемлекеттерде 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін пилоттық жобалар (эксперименттер) өткізіледі. Осымен қатар Комиссия Одақтың экспериментті іске асыру үшін құқықтық негіз қалыптастыратын бірқатар актісін қабылдады.